ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ҚАРЖЫ ҰЙЫМЫНЫҢ ӨКІЛДІГІ АШЫЛАДЫ

09:17, 12 қыркүйек 2019

Елімізде Солтүстік инвестициялық банктің өкілдігі ашылады. Мәжілістің жалпы отырысында тиісті келісімді ратификациялау туралы құжат мақұлданды. Банк энергетика, жасыл экономика, телекоммуникация, ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау сияқты салаларды қаржыландырады. Сонымен қатар кәсіпкерліктің тынысын кеңейтеді.

Құжатта Қазақстанның заңнамалық актілерде көзделмеген  валютаның айырбасталуы, қаражат аудару, тендерлер өткізу, сондай-ақ банктің активтері мен кірістерін салықтан босату жөніндегі нормалар белгіленеді. Ал жеке компаниялар тікелей осы қаржы ұйымына шығып, несие ала беруіне мүмкіндік бар.  Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістерді көздейтін заң жобасы болса, екінші оқылымда мақұлданды. Ол депуттатардың бастамасымен әзірленген еді.

Айзада Құрманова, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:

Заң жобасы 124 мемлекеттік қызметті оңтайландыруға, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін орташа 9 күнге қысқартылуына, 3,5 мың нормативтік актілердің қысқартылуына бағытталады.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ КАРДИОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ
09:35, 21 ақпан 2020
ПРЕЗИДЕНТ КАРДИОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ
Толығырақ...
ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРУДЕ БАЛА САНЫ ШЕКТЕЛМЕЙДІ
09:54, 20 ақпан 2020
ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРУДЕ БАЛА САНЫ ШЕКТЕЛМЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
10:17, 19 ақпан 2020
ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
Толығырақ...