ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

ҚАРЫЗ ЕҢБЕГІ ЗАҢМЕН РЕТТЕЛЕТІН БОЛДЫ

10:19, 15 қазан 2020

Жұмыспен қамту агенттіктері арқылы қызметке орналасқан азаматтардың құқығы заңмен қорғалады. Бүгін мәжіліс қарыз еңбекті реттеу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Енді қарыз еңбегі принципі бойынша жұмыс істейтіндердің мүдделері, жалақысы, қауіпсіздігі заң бойынша қадағаланады. Мәселен, келісім шартпен жұмыс істейтін қызметкердің жалақысы дәл сондай лауазымдағы компания маманынан кем болмауы тиіс. Сондай-ақ, жұмысшының жазатайым оқиғалардан сақтандырылуы да компанияның мойнына жүктеледі.

Кәрібай Мұсырман, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:

Заң жобасының қарыздық еңбек саласында жұмыс істейтін азаматтардың қауіпсізджік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларын еңбегі үшін қандай да бір кемсітусіз сыйақы алуын, әлеуметтік қорғалуын жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне бағытталған.

Жалпы қарыз еңбегі принципі Қазақстанда 20 жыл бойы пайдаланылып келеді. Дегенмен әлі күнге дейін заң бойынша реттелмеген. Нәтижесінде жалдамалы қызметкерлердің құқықтары өрескел бұзылып жатыр. Ал жаңа құжатта жұмыс беруші, қызметкерді ұсынушы мен қарапайым жұмысшының барлық мүмкіндіктері мен міндеттері толық жазылған деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ «ШЕВРОН» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
22:39, 22 қазан 2020
ПРЕЗИДЕНТ «ШЕВРОН» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫН ҚАБ...
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ЖОҒАРЫ КЕҢЕСТІҢ  ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ
22:37, 22 қазан 2020
ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ЖОҒАРЫ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫН ӨТК...
Толығырақ...
ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ ЕКІ АЙЛЫҚ ҚОРЫ ЖИНАҚТАЛЫП ЖАТЫР
21:04, 22 қазан 2020
ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ ЕКІ АЙЛЫҚ ҚОРЫ ЖИНАҚТАЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар