ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ

11:17, 12 тамыз 2020

Елімізде коронавирус инфекциясына шалдығудың тәуліктік өсімі орта есеппен 2 есеге жуық азайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәдімдеді. Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында эпидемияға қарсы іс-шараларды іске асыру барысы талқыланды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, Қазақстанда 10 күннің ішінде вирустың репродуктивтілік деңгейінің көрсеткіші 0,92 ден 0,82-ге дейін төмендеген. Мұндай көрсеткіштерге кешенді шаралардың арқасында қол жеткізілді.

Алексей Цой, ҚР денсаулық сақтау министрі:

Карантиннің бес аптасында репродуктивтілік көрсеткіштері 1,15-тен 0.82-ге дейін төмендеді. Ауруға шалдығу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 56,73-тен 36,2-ге дейін төмендеді. Денсаулық сақтау жүйесіне түсетін негізгі көрсеткіштер мен жүктемелердің жоғарыда көрсетілген оң серпіні карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету мүмкіндігін айғақтайды. Бұл жеңілдету шаралары қоғамдық орындарда маска режимі мен гигиенаны қатаң сақтау, сондай-ақ халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз ету арқылы жүргізілуі тиіс.

Сауығып шыққан адамдардың үлесі 73,6 пайызды құрайды. Қалған пациенттер тиісті ем алып жатыр. Ауруханалардағы төсек-орындар саны 61 пайызға, жедел жәрдем қызметіне түсетін қоңыраулар саны 62 пайызға азайды.

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

Жалпы қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде еліміздегі коронавирустың таралуы деңгейі және осыған байланысты барлық көрсеткіштер қарқынды төмендеуі тіркеліп отыр. Осы нәтижелер қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді. Қалыптасып отырған эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына бейсенбі күні енгізуді тапсырамын. 


Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУ МАҢЫЗДЫ
18:47, 27 қыркүйек 2020
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУ МАҢ...
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ САҚТАЛАДЫ
18:44, 27 қыркүйек 2020
ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ САҚТАЛАДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ МАҢҒЫСТАУДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
18:27, 27 қыркүйек 2020
ЕЛБАСЫ МАҢҒЫСТАУДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...