ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ҚАЛА ӘКІМІН ҚАБЫЛДАДЫ

14:22, 3 наурыз 2020

Алматының инвестициялық әлеуеті өте зор. Былтырмен салыстырғанда көрсеткіш 22 пайызға көбейіп, өсім 43,2 млрд теңгеден асты. Шаһарда тұрғын үй құрылысы да қарқынды. Биылғы жылдың алғашқы айында 84,4 мың шаршы метр үй пайдалануға берілген. Бүгін тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев қала әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады.

Мегаполис басшысы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге тоқталып, олардың әрі қарай өсу перспективалары жайлы айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Елбасы:

Қала үлкен, Қазақстандағы ең үлкен мегаполис. Баяғыдан келе жатқан экология, транспорт проблемалар бар. Шағын орта бизнес көп бұл жерде. Жұмыс беру мәселесі. Қалаға сырттан көшіп келетіндер көп. Ары қарай жүргізу керек соның бәрін.

Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі:

Негізі шаруалардың бәрі сол өзіңіздің кезінде қабылдаған бағдарламалардың аясында жүріп жатыр. Былтырғы жылдың көрсеткіштері бойынша үлкен ілгері жетістіктер бар. Биылғы январьдың да көрсеткіштері бәрі жақсы. Дегенмен де көптеген сұрақтар, мәселелер бар. Олардың бәрі уақытымен шешімін тауып, халықпен кездесіп, түсіндіріп, сондай жұмыстар жүргізу арқылы жеткізіп жатырмыз.

Тақырып бойынша материалдар

КВИ МЕН ПНЕВМОНИЯ СТАТИСТИКАСЫ БІРІКТІРІЛДІ
21:34, 3 тамыз 2020
КВИ МЕН ПНЕВМОНИЯ СТАТИСТИКАСЫ БІРІКТІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар