ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ИНВЕСТОРЛАРҒА ЕРЕКШЕ ВИЗА БЕРІЛЕДІ

10:13, 5 желтоқсан 2019

Қазақстанға қаржы құятын инвесторларға 5 жылдық виза берілетін болды. Яғни, оларға инвестициялық резидент деген мәртебе беріледі. Бүгін мәжілістің жалпы отырысында «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» заң жобасы қаралып, мақұлданды.

Елімізге еркін кіріп-шығу құйылатын инвестицияның көлемін еселеп арттырады деп күтілуде. Дегенмен, инвестициялық резидент атану үшін Республикамыздың конституциясына сәйкес бірнеше тексеруден сәтті өтуі керек. Оның үстіне инвестор өзінің қаржылық әлеуеті мықты екенін дәлелдеуі және біздің елден тапқан табысынан бюджетке салық төлеуге міндетті.

Қайрат Келімбетов «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:

Администрация МФЦА будет ноправлять Астана халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі Ішкі істер министрлігіне инвесторға 5 жылдық виза беру туралы өтінімхат жібереді. Резидент біздің ғана емес елімізде қарастырылған барлық заң талаптарына сай болуы міндетті. Осы тексерулерден соң шетелдік кәсіпкер «Астана» халықаралық қаржы орталығының әртүрлі құралдарына кемінде 60 мың доллар құйып, инвестициялық резидент мәртебесін алады.

Тақырып бойынша материалдар

КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
11:17, 12 тамыз 2020
КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
11:17, 12 тамыз 2020
КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
Толығырақ...