ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАРДАҒЫ САРЫАРҚА МӨЛТЕК АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ Толығырақ

ИНДУСТРИАЛАНДЫРУДЫҢ КЕЗЕКТІ КЕЗЕҢІ БОЛАДЫ

11:42, 6 желтоқсан 2018

Үкімет енді халық көп тұтынатын тауараларды шығаруға басымдық бермек. Ол үшін мемлекеттік бағдарлама қабылданып, тек осы салаға басымдық бермек. Иа, сыпырғыны да сырттан сатып аламыз, бұл недеген масқара деп депутаттар үкіметке сауал жолдағаны есімізде. Енді бұл олқылықтың орнын индустриаландыру бағдарламасы толтырмақ. Үкімет тек қайта өңдеу саласындағы ұсақ тауар шығаратын кәсіпорындарды қолдаймыз деп отыр.

Индустриаландырудың 3-ші бесжылдығы. Үкімет мүшелері мемлекеттік бағдарламаның кезекті кезеңі туралы тұжырымдаманы 100 пайыз дауыспен қабылдады. Бұған дейін ірі өндіріс ошақтарын ашуға басымдық берілсе, енді бар күш  халық тұтынатын тауарлар шығаруға жұмсалмақ.

Жеңіс Қасымбек бесжылдықтың берер жемісін де есептеп қойыпты. Өңделген отандық өнім экспорты 2,3 есеге артып, ішкі нарық отандық тауарлармен толмақ. Тұжырымдаманы әзірлеуге атамекен атсалысқан және оны  үкімет жанындағы экономикалық кеңес те мақұлдаған. Үкімет отырысында ауылшаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламада пысықталды. Биыл ғана жаңартылған бағдарлама қарқын ала бастаған. 60 мың тонна болмаса да біраз ірі қара етін экспорттапты.

АРМАН ЕВНИЕВ ҚР  АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ

 Ағымдағы жылдың 11 айдың нәтижесі бойынша  сиыр етін экспорттау көлемі 14,5 мың тоннаны құрады. Оның жартысына жуығы 45,2% түркістан облысына тиесілі. жыл соңына дейін жсоапрдағы 15 мың тоннаны асыра орындаймыз деп сеніммен айта аламыз.  

Үкімет көп қабатты үйлерге жылу есептегіш құрылғыларды  орнату мәселесі де көтерілді. Бұл тұтынушыға да бюджетке де тиімді. Мысалы қондырғы  арқылы  екі бөлмелі үйдің жылуына кететін шығынды 36 пайызға дейін үнемдеуге болады.  Бұл ел бойынша миллиардтаған үнем. Сондықтанда үкімет басшысы әкімдерге бұл жұмысты жандандыруды тапсырды.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«НҰР ОТАНДА» ЖАҢА ПІКІРТАЛАС АЛАҢЫ
11:04, 14 желтоқсан 2018
«НҰР ОТАНДА» ЖАҢА ПІКІРТАЛАС АЛАҢЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
18:15, 11 желтоқсан 2018
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАССЕЙН АШЫЛДЫ
12:29, 13 желтоқсан 2018
ПАВЛОДАРДА ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАССЕЙН АШЫЛДЫ
Толығырақ...