ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАРДАҒЫ САРЫАРҚА МӨЛТЕК АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ Толығырақ

ГОИ БЕЙБІТШІЛІК ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ КЕЛДІ

20:05, 19 қыркүйек 2018

Қазақстан мен Жапония гуманитарлық бағыттағы қарым-қатынасын нығайтуға ниетті. Күншығыс еліндегі Гои бейбітшілік қорының президенті Хироо Сайонджидің елордамызға жұмыс сапары нәтижелі басталды. Мәртебелі мейманмен Елбасы қорының президенті, Сенат депутаты Дариға Назарбаева кездесіп, тараптар қос мемлекеттің болашаққа бағдарын талқылады.

Басты мақсат – әлем назарын ядролық қарудан бас тартуға шақыру, бейбітшілікке үндеу. Өйткені екі елдің тағдырлары ұқсас. Жапон халқы Хиросима-Нагасакидің, ал қазақ жұрты Семейдің қайталанбауын қалайды. Осы мақсатта алғашқы басқосу ертең Астанада өтеді. Ал бұдан бөлек ортақ жобаларды жүзеге асыру үшін Дариға Назарбаева мен Хироо Сайонджи ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы құжаттың арқасында көп ұзамай қос мемлекет жастары үшін білім гранттары пайда болуы мүмкін. Жалпы, білім саласындағы байланыс беки түспек. Сондай-ақ кездесу соңында Елбасы қоры мейманға Алтына адам мүсінінің көшірмесін сыйға тартты.

ХИРОО САЙОНДЖИ, гои бейбітшілік қорының президенті /Жапония/

Әрине, басты мақсатымыз – ядролық қарусыз өмірді насихаттау. Әлемнің әр елі осы маңызды мәселені шешуге ат салысса дейміз. Бұдан бөлек әр адам бұл проблемаға назар аударып, өзектілігін түсінгені жөн. Біз, Қазақстан мен Жапония, ядролық қарудан қасірет көрген қос ел әлемге оның қаупі туралы айтып, бастаманы қолға алу керекпіз. 2016 жылы Қазақстан президентінің Жапонияға сапары барысында осы бағытта біраз келісім жасалды. Бүгінгі сапар да – соның жемісі деп айта алмын.

ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА, ҚР тұңғыш президенті – елбасы қорының директоры, ҚР парламенті сенатының депутаты

Өзіміздің жоспарымызды жазамыз. Меморандум деген – стратегиялық нәрсе. Білім жағынан эксперттерді шақырып, конференция, дөңгелек столдарды жасап, ой пікірлесу. Кітап жазатын шығармыз. +скл 00:10 Білім саласы, тарих саласы, ғылым саласы. Жастардың бір-бірімен қатынасын дамыту бірнеше жобалар арқылы.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«НҰР ОТАНДА» ЖАҢА ПІКІРТАЛАС АЛАҢЫ
11:04, 14 желтоқсан 2018
«НҰР ОТАНДА» ЖАҢА ПІКІРТАЛАС АЛАҢЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
18:15, 11 желтоқсан 2018
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
Толығырақ...
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ЖОЛ ЖҮРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ
12:43, 12 желтоқсан 2018
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ЖОЛ ЖҮРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ...
Толығырақ...