ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТАНДЫ

20:45, 28 шілде 2020

Бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қатаң карантин шараларының нәтижесі туралы айтты. Қатаң карантин шаралары енгізілгелі бері, яғни 5 шілдеден бастап үш аптаның ішінде КВИ жұқтырудың 35 951 жағдайы тіркелді. Жалпы қатаң шектеу шараларын енгізген сәттен кейін тіркелген жағдайлардың 29 пайызға азайғаны байқалады.

Қазіргі уақытта COVID-19 вирусын жұқтыру бойынша жағдай күніне орташа есеппен 1600 адам деңгейінде тұрақталды. Сонымен қатар, төсек орындар 43 пайызға, жансақтау бөліміндегі төсек орындар 27 пайызға босады», - деді Алексей Цой. Оның айтуынша жұқтырғандардың ішінде сауыққандардың үлесі 63 пайызға артқан.   

Алексей Цой, ҚР денсаулық сақтау министрі:

Яғни 3 тамыздан бастап нысандарда санитарлық-дезинфекциялық режим сақталып, маска кию мен әлеуметтік қашықтықты сақтау талаптары орындалуы керек. Бұл нысандар жұмысын бастау үшін апта ішінде инфекцияның таралу деңгейі тұрақталып, төсек орындар 70 пайызға босауы тиіс. Осындай шарттар орындалған жағдайда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, уақыты мен күні шектеулі тәртіпте сауда желілері, жабық азық-түлік нысандары мен азық-түлік сатпайтын базарлар ашылады. Сондай-ақ, балалардың коррекция кабинеті, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, топтық үйірмелер (бес баладан аспауы керек) жұмыс бастайды. Балалардың мектепке дейінгі мекемелеріне де кезекші топ режимінде жұмыс істеуге рұқсат. Сән-салондары, шаштараздар, косметикалық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, маникюрлар мен педикюрлар да ашылады.

Спортпен айналысу форматына қатысты, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға рұқсат етіледі. Сондай-ақ, ұлттық құрамалар үшін 30 адамнан аспайтын спорттық жаттығуларға рұқсат беріледі», - деп атап өтті министр. Сондай-ақ, ол халықтың көшедегі қозғалысына қатысты мынадай талаптар сақталатынын айтты. Көшеге, саябақтарға, скверлерге және жағалауға барғанда 3 адамнан артық топтасуға болмайды. Қоғамдық көліктің жұмысы уақыт пен жолаушылар санын 50% шектей отырып, маскалық, санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтауды және кондукторлардың болуын міндеттеу арқылы қайта жанданады.

Алексей Цой, ҚР денсаулық сақтау министрі:

Жаппай жиналатын бұқаралық шараларды өткізуге, көңіл көтеретін мекемелерге, кинотеатрлар мен фудкорттарға, банкет залдарының жұмыс істеуіне рұқсат жоқ. Мейрамханалар мен барлар, түнгі және ойын клубтары да әзірге жұмыс бастамайды. Мәдениет нысандарының, музейлердің жұмысы жанданбайды. Конференциялар мен көрмелер, форумдар өткізілмейді. Спорт залдардың, фитнес-орталықтардың, бассейндер мен аквапарк пляждарының, діни нысандардың жұмысы басталмайды. Табиғи жолаушылар пойызы (жұмыс пойыздарын есептемегенде электричкалар) мен қала арасындағы автобустардың қозғалысы жанданбайды.

Карантиндік шаралардың мерзімі 2 тамызда аяқталады. Жалпы, осы кезеңде эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды, медицина ұйымдарының жүктемесі біршама азайды. Вирус жұқтырудың тәуліктік өсімі 4 пайыздан 1,7 пайызға дейін төмендеді.

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

Осыған орай эпидемиологиялық жағдайды одан әрі. Бүгін денсаулық сақтау министрі карантин шарларын біртінде палу шараларын ұсынды. Ағындағы жағдайды және осы айдың қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік комиссиясында бұл жоспар қарастырылып, тиісті шешім қабылданады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...