ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

19:29, 25 маусым 2020

«Отбасының әлеуметтік картасы» жобасы ел азаматтарын 100 пайыз, яғни 7 миллион отбасыны қамтыды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, орталық коммуникациялар қызметінде өткен есептік кездесуінде баяндады. Бұл бағытта басқа да жобалар жүзеге асырылуда.

Министр Біржан Нұрымбетов отбасылардың әлеуметтік картасы жобасы қолға алынғалы елдегі 101 мың отбасы қиын жағдайда екені анықталғанын мәлімдеді. 12 мың 700 адам еңбекпен қамтылды, 68 мың 800 азамат емханаға тіркеліп, 72 900 бала мектепке, балабақшаға орналастырылған. Кезекті жобалардың бірі «Қазақстан азаматының әлеуметтік ID-і». Аталмыш жоба әлеуметтік жәрдемақыларды алудағы ашықтықты көрсетеді. Сынама ретінде еліміздің 9 өңірінде жүзеге асырылды. 102 мың ID-карта табысталып, 88 мың транзакция шығарылды. Алдағы уақытта, ол барлық аймақтарды қамтымақ. Одан бөлек, әлеуметтік көмек бағытында «Электронды еңбек биржасы», «Электронды еңбек келісімшарттары» іске қосылып, жұмыс істеп жатыр. Осының арқасында 1млн 200 мың адам жұмыспен қамтылып, 1 млн 400 мың электронды келімшарт тіркелген. 

Тақырып бойынша материалдар

БІРІНШІ ТОҚСАНДА ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН ОҚИДЫ
11:06, 15 шілде 2020
БІРІНШІ ТОҚСАНДА ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН ОҚИДЫ
Толығырақ...
13 ШІЛДЕ – ҚАЗАҚСТАНДА ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ
21:02, 13 шілде 2020
13 ШІЛДЕ – ҚАЗАҚСТАНДА ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар