ШҰҒЫЛ! ПАРЛАМЕНТТІК АССАМБЛЕЯНЫҢ 49- ОТЫРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ӘР КІРЕДІ

11:05, 12 ақпан 2019

Көпбалалы отбасылар үшін қосымша арендалық тұрғын үйлер салынуы мүмкін. Бұл туралы Қаржы министрі мәлімдеді. Осылайша, мемлекет жылдар бойы кезекте тұрған отбасылардың баспана мәселесін жуық арада шешуге мүдделі.

Әлихан Смайылов арендалық тұрғын үй үшін жыл сайын бюджеттен 35 млрд теңге бөлінетінін атап өтті. Ал енді көпбалалы отбасылар үшін қосымша тұрғын үйлер салу үшін бұдан да көп қаржы құйылуы тиіс. Сондықтан үшжылдық бюджетті қайта қарау керек. Қаржы министрі қағаз жүзіндегі  осы мәселелер шешімін тапқан соң, үкімет дереу іске көшеді деп сендірді, Әлихан Смайылов. Ел қазынасы үшін жауап беретін қаржы министріне бұл жолы әлеуметтік сала бойынша сауалдар көп жолданды. Көпбалалы аналардың аманатын айтқан журналистер Әлихан Смайыловтан жәрдемақының көлемін ұлғайту қаншалықты мүмкін екенін сұрап білді. Қаржы министрі бұл мәселені арнайы құрылған жұмыс тобы шешіп жатқанын жеткізді. Әзірге әлеуметтік көмектің қандай сомаға артатыны белгісіз, бірақ жәрдем мөлшері ұлғайатыны сөзсіз, - дейді ол.

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ

Біздің мемлекеттік бюджет «әлеуметтік бюджет» деп айтуға болады. Соңғы 2 жылда әлеуметтік салаға бөлінген қаражаттың үлесі 34 проценттен 44 процентке дейін өсті. Және осы 3 жылдың ішінде, яғни 2021 жылға дейін әлеуметтік салаға бөлінетін қаражат 49,1 процентке дейін өседі.

Осы жұмыс тобы көпбалалы отбасыларды үймен қамту мәселесін де қарастырып жатыр. Алайда «қолжетімді баспанамен» қамтамасыз етпес бұрын есеп-қисабын шығарып, үшжылдық бюджетті қарау керек.

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ

Біз түсініп отырмыз, көпбалалы отбасылардың жағдайы нашар, жалпы. Сондықтан оларға көмек қолжетімді болуы керек. Ал арендалық тұрғын үйді алатын болсақ, ай сайынғы төлейтін төлемақы 5 мың теңге шеңберінде.

Бүгіндері елімізде 271 мың көпбалалы отбасы бар. Оларға 33 миллиард теңге көлемінде жәрдемақы беріледі. Атаулы әлеуметтік көмек алып жүрген отбасы саны 2017 жылы 5,5 мың болса, былтырғы реформа кезінде «жағдайы төмен» санатына жататын жанұя 111 мыңға жетіпті. Ал 1 жасқа дейін бала күтімі бойынша демалыста жүрген әйелдер саны – 429 мың. Оларға берілетін төлемақының жалып сомасы – 96 миллиард теңге. Соңғы әлеуметтік көмек - көптің көкейінде жүрген мәселелердің бірі. Бала күтімі бойынша төлемақыны демалыс мерзімі біткенше, яғни 3 жылға дейін созу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Алайда қашан және қаншалықты өсетінін қаржы министрі қадап айта алмады.

Тақырып бойынша материалдар

ПАРЛАМЕНТТІК АССАМБЛЕЯНЫҢ 49- ОТЫРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
13:54, 20 сәуір 2019
ПАРЛАМЕНТТІК АССАМБЛЕЯНЫҢ 49- ОТЫРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2 АЙДАН СОҢ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ
10:42, 16 сәуір 2019
2 АЙДАН СОҢ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ
Толығырақ...