ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ҚАЗАҚСТАН

10:46, 20 наурыз 2020

Қазақстанның барлық бастамалары халықаралық қоғамдастық тарапынан қашанда қолдау тауып келеді. Сарапшылар пікірінше Елбасы Нұрсұлтан Назараевтың тәуелсіздік жылдары көтерген көптеген идеялары уақыт өте шындыққа айналды. Еліміз осылайша Еуропа мен Азия, Батыс пен Шығыс арасында сенімді диалог орнатуға, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін геосаяси орталыққа айналды.

Қазақстан бейбіт ұстанымы мен сыртқы саясатын алғаш 1992 жылы БҰҰ жария етті. Елбасы онда аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін алғаш Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес құруды ұсынды. Әлемнің ең биік мінберінен көтерілген идея жаһан тарапынан қолдау тапты. Қазірде ол Азия аумағының 90 пайызын алып жатқан 18 мемлекетті біріктіретін ұйымға айналды.   

Әсел Назарбетова, ҚР президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының халықаралық зерттеулер бөлімінің жетекшісі:

Ең басты мәселе бұл Қазақстанның антиядролық қозғалысты бастауы. Ядролық қаруға қарсы бастамашыл мемлекет болуы. Еуразиялық экономикалық одақ, Түркі кеңесіне байланысты, Азиядағы өзара сенім шаралары және ықпалдастық, Жоғары экономикалық кеңестің, түркітілдес  мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің құрметті төрағасы болып сайланды. Бұл Елбасы Н.Назарбаевтың еңбегінің бағаланғандығы.

Қазақстан 2010 жылы ОБСЕ ұйымына төрағалық етіп, он жылдық үзілістен кейін оның саммитін өткізуге мұрындық болды. Сонымен қатар Елбасы ТМД, ШЫҰ-ның құрылуына негіз болды, әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының басын қосты, Еуразия интеграциясын нығайтты.   

Леонид Слуцкий, РФ мемлекеттік думасының халықаралық комитет төрағасы:

Еуразиялық идеяның тарихы Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеу мемлекеттік университетінің аудиториясында оқыған лекциясынан бастау алды.  Сондықтан Еуразиялық  жоба МГУ мен Нұрсұлтан Назарбаев есімімен  тығыз байланысты. Бұл идея шындыққа айналып, Еуразиялық экономикалық одақ болып негізін қалады және оған бес месмлекет-Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь, Армения мүше. Назарбаев сол кезде посткеңестік елдерде, нақтырақ айтсақ Еуразия кеңістігінің бір бөлігінде бірыңғай еңбек,капитал, қызметтер мен   жұмыс күшінің нарығын құрудың маңыздылығын көтерді. Бұл идея іске асты.

Қазақстан 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде жаһандық проблемалардың түйінін тарқатуға үлес қосты. Сириядағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге ықпал етіп, Астана процесі алаңын ашты.

Жұмабек Сарабеков, ҚР тұңғыш президенті-Елбасы қоры жанындағы ӘЭСИ сарапшысы:

Әлі күнге шешілмеген мәселелер бар. Бірақ қақтығыстардың ауқымын қысқартуға ең алдымен осы Астана процесінің негізінде жүзеге асырылды. Және ол БҰҰ тапапынан мойындалып отыр. 

Орталық Азия елдерінің арасындағы ынтымақтастық жаңаша сипат алды. Сарапшылардың пікірінше аймақтағы интеграциялық процестердің ілгері басуына Қазақстанның қосқан үлесі көп. Ал 2019 жылдың басты саяси оқиғасы елдегі тұрақтылықты сақтап, сол арқылы көрші елдермен бірге халықаралық қатынтты одан әрі дамытуға негіз болды. 

Ерлан Мәдиев, ҚР тұңғыш президенті-Елбасы қоры жанындағы ӘЭСИ сарапшысы:

Әлемдік державалардың арасындағы текетірестер күннен күнге ушығуда. Міне осындай сыртқы саяси тұрақсыздықтың өршіп жақтан кезінде, әрине, еліміздің тұрақтылығын сақтау өте маңызды. Осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ Елбасымыздың осы жүзеге асырған саяси билік транзиті  моделінің рөлі орасан зор десек болады.  

Қазақстан алдында бұдан да биік мақсаттар қойып отыр. Ал елдің беделін көтеріп, халықаралық байланыстарды одан әрі нығайту Елбасы сеніп тапсырған жаңа буынның абыройлы міндеті.

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУ МАҢЫЗДЫ
18:47, 27 қыркүйек 2020
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУ МАҢ...
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ САҚТАЛАДЫ
18:44, 27 қыркүйек 2020
ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ САҚТАЛАДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ МАҢҒЫСТАУДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
18:27, 27 қыркүйек 2020
ЕЛБАСЫ МАҢҒЫСТАУДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...