ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ЕЛБАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

11:59, 17 қаңтар 2020

Судьялардың 11 пайызы аттестациядан өтпей қалды. Тағы 260 судьяны сынақ күтіп тұр. Кадрларды жаңа әдіспен тексеру жайын Жоғарғы соттың төрағасы Жақып Асанов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа баяндады.

Сот жүйесінің тиімділігін арттыру мәселесі көптеген мемлекеттерге ортақ. Өйткені, қазір соттарға деген көзқарас өзгеруде. Елбасы осыны ескере отырып, жоғарғы сот төрағасына аталған бағытта жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Елбасы:

Барлық реформаларды жасадық. Мемлекетті құрдық. 100 қадамның ішінде сот жүйесін қорғау жүйесі қалай болу керектігі айтылған. Сотқа деген сенім күшейіп келе жатыр. Бүкіл басқару жүйесінің ішінде Үкімет, Парламент барлығын алғанда осы Сот жүйесінің орны бөлек. Ел сотқа сеніп, барлық мәселелерін сол жерге барып, міндетті түрде шешу жөнінде сенімді болу керек.

Жақып Асанов, жоғарғы сот төрағасы:

Келесі жылы үкім судьялардың 84 пайызы осындай тексерістен өтетін болады. Қызметтеріне сай болмағандықтан, біз былтыр 37 судьяны жұмыстан босаттық. Ал енді 100 нақты қадамның жалпы 17 заң жобасын дайындап, оның 9-ы қабылданды. Енді әлі 8-ін күтіп отырмыз.

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУ МАҢЫЗДЫ
18:47, 27 қыркүйек 2020
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУ МАҢ...
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ САҚТАЛАДЫ
18:44, 27 қыркүйек 2020
ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ САҚТАЛАДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ МАҢҒЫСТАУДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
18:27, 27 қыркүйек 2020
ЕЛБАСЫ МАҢҒЫСТАУДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...