ШҰҒЫЛ! ПАРЛАМЕНТТІК АССАМБЛЕЯНЫҢ 49- ОТЫРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ Толығырақ

ЕЛБАСЫ "NUR OTAN" АКТИВІМЕН ЖИЫН ӨТКІЗДІ

10:23, 11 сәуір 2019

Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясының орталық аппаратында болып, саяси ұйымның жұмысымен танысты және оның құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерімен жиын өткізді.

Партияның Қазақстан республикасы Президенті сайлау қарсаңындағы съезі сәуірдің  23-інде өтетін болып белгіленді.  Нұрсұлтан Назарбаев бұл ретте партия алдында бірқатар стартегиялық міндеттер тұрғанын айттты.  Партия төрағасы "Nur Otan"  белсенді және нәтижелі жұмысының арқасында елдегі негізгі саяси күшке айналғанын мәлімдеді.  Жуырда өткен съезде оның жаңа мақсаты мен міндеттері айқындалды. Ол қоғамдық тұрақтылық пен бірлік, келісім мен азаматтардың тұрмыс деңгейін көтеру, жастарды қолдау. Нұрсұлтан Назарбаев алдағы кезектен тыс  сайлауға  партия белсенді қатысу керектігін атап өтті. 

Нұрсұлтан Назарбаев - ҚР тұңғыш Президенті - Елбасы

 Біз жақында партияның съезін өткіздік, 20 жылдық партияның мерейтойын атап өттік. Партияның алдына мақсаттар қойылды. Істейтін жұмыстар анықталды. Оның барлығы бәрімізге белгілі. Істеп жатқан жұмыстардың барлығы осы партияның аппаратының мойнында. Сіздердің қабілеттеріңіз бен талантатрыңызға байланысты болады. Өткен жағдай белгілі. Мен ойланып толғанып, ақылменен  осы шараны жасадым. Дұрыс деп санаймын. Уақытысында деп санаймын.Сондықтан мен партияға көп көңіл бөлетін боламын. Себебі, мен партияның төрағасы болып қала беремін. Енді қазір біз президент сайлауы науқанына кірісейік деп отырмыз. Кеше президентіміз  өзінің құқығын пайдаланып сайлау өткізу жөніндегі шешімін айтты. Ол еліміз үшін үлкен саяси науқан болып саналады. Біз көп іргелі науқандарды атқардық соның барлығында "Nur Otan" партиясы жаңашылдық танытып, тәуелсіздіктің бас партясына айналды. Осы 30 жылдың ішінде басымдылығымыз бар өзіміздің. Ең бірінші келісім, екінші экономиканцың дамуы, оның ішінде бірнеше саласы бар.  Мынау шикізаттан бағынаудан кету. Басқа экономика жасау,  үшіншіден әлуеметтік жағдай жасау секілді өзіміздің 4-5 бағыт. бар.  Халықтың тұрмысын жақсартуға бірталай жұмыс істеп келе жатырмыз. Оның ішінде ең бірінші жастарға көп көңіл бөліп, оқудан өткіздік соларды тәрбиелеп келеміз. Алдағы уақытта  соны жалғастыра береміз. Біздің елдің басшылығының жұмысына барынша көмектесуіміз керек. Өйткені, мен үшін билік сабақтастығын жалғастыру маңызды. Көп ойланып шешкен мәселе.  Сайлау науқанына кірген кезде партияға ең үлкен жүк түседі. съхезд өткіземіз. өзіміздің 

кандидатымызды ұсынамыз сол жерде.

Нұрсұлтан Назарбаев жиында  кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешімінің мәнісін түсіндірді.

Нұрсұлтан Назарбаев ҚР тұңғыш Президенті - Елбасы

Бұл сайлау биліктің заңдылығын одан әрі нығайтып, елімізде тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажет. Ең басты міндеті биліктің қалыпты жағдайда ауысын қамтамасыз ету болып саналады. Бұл біздің қазақстандық жаңашылдық. Мұны халық түсінеді деп ойлаймын. Менің қалай жұмыс істегенімді біледі.  Ары қарай да елде тыныштық болып, оның дамуы үшін  бәрін жасайтын боламын. Менің  жұмыс бағытымның сабақтастығын қамтамасыз ету маңызды. Тәуелсіздігімізді нығайту мен қоғамды жаңғырту. Мұның барлығы айналып келгенде азаматтардың әл ауқатын арттыруға бағытталған. "Nur Otan" партиясы алдағы сайлау науқанына барынша белсенді қатысуы керек және қатысады.  Енді бізге партияның съезін өткізіп, ел президенттігіне кандидатура ұсынуымыз керек. Партияның аппараты съезді өткізу үшін қажетті жұмыстардың бәрін жылдам іске асыруға тиіс.  Съезді шақыру  туралы тиісті  қаулыға бүгін қол қоямын.

Жиыннан соң бұл құжат қабылданып, "Nur Otan"  съезі 23 сәуірде өтетін болды.  Партия аппараты оған дайындықты бастап кетті. 

Нұрсұлтан Назарбаев - ҚР тұңғыш Президенті - Елбасы

Үміткерді ұсынғаннан кейін  оның қоғамдық сайлау штабының жұмысын ұйымдастыру керек. Бұл жұмыспен менің бірінші орынбасарым Мәулен Әшімбаев айналысады. Сайлауды толығымен ел заңнамасына сәйкес және барлық демократиялық нормалар мен рәсімдерді сақтай отырып өтуі қажет.  Барлық болашақ сайлау науқанының қатысушыларды  құқықтық шеңберде әрекет етіп, саяси бәсекелестіктің  базалық қағидаларын ұстана отырып  сайлау өткізуге шақыру керек.  Қазақстан  құықықтық демократиялық ел құру бағытын қатаң ұстанатын болады. 

Мәулен Әшімбаевтың партияның сайлауалды штабын ұйымдастыруға қатысты баяндамасын тыңдаған  Нұрсұлтан Назарбаев бұл жұмыста  орталық аппарат пен өңірлік өкілдіктер жедел әрі бірігіп жұмыс істеуі тиіс деді.

Нұрсұлтан Назарбаев - ҚР тұңғыш Президенті - Елбасы

Қоғамдық сайлау штабының жұмысын ұйымдастыру орталық аппарат пен филиалдардың белсенді жұмыс істеуін қажет етеді.  Бастуыш партия ұйымдары да бұл жұмысқа атсалысуы керек. Біз сіздермен біраз жұмыс істеп, эстафетаны келесі буынға бердік. Келесі буын біз бастаған бағытты ұстануы керек. Тұрақтылық пен дамудың мән мағынасы да осы.

"Nur Otan"  экономиканың басты қозғаушы күші ретінде төрт негізгі партиялық жобаны тиімді жүзеге асыру керек. Елбасы оларға жеке-жеке тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев - ҚР тұңғыш Президенті - Елбасы

Әрқайсысы өте үлкен шаруа. Мысалы, "Бақытты отбасы".  Оның ішінде толып жатқан шаралар бар. Тек қана  партияның  қолынан келмейді. Мемлекет те жергілікті билік те бірге жұмыс істеуі керек. "Құтты мекен"  әр ауылда,  әр қалада өзінің тұрған жеріне халық көңіл бөлуі керек. "Ауыл -ел бесігі". Оны да көп нәрсе жасап жатырмыз.Сонан кейін "Халыққа көмек". Осы төртеуін ұстасақ біздің нәтижелі жұмыс істеуіміздің барлық бағдарламасы бар.

Елбасы партияның 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасын жүзеге асырудың нақты жоспарын жасақтауды тапсырды. Жүктелген міндеттердің ішінде партия ішінен кадр даярлау мәселесі де бар.

Нұрсұлтан Назарбаев - ҚР тұңғыш Президенті - Елбасы

Партия мемлекеттік басқару жүйесі үшін кадр дайындайтын негізгі құрылым болуы тиіс. Басқарушы партия ретінде «Nur Otan» жауапты қызметтерге өзінің мүшелерін ұсына алады.  Ол үшін 1 қыркүйекке дейін республикалық кадрлық резерв жасақтап, оны менің қарауыма енгізу керек. Біз президент пен үкімет болып бұл жұмысты қалай жүргузі керектігін анықтаймыз. Өңірлік деңгейде мәслихат депутатының кандидаттығына сайлау үшін  білікті кадрлар жасақтауға көңіл бөлу қажет. Ассамблеяның хатшылығына да нақты тапсырмалар жүктедім. Ай соңында ассамблея сессиясын өткіземіз. Ол жақта да осындай міндеттер жүктейміз. Ұлтаралық қарым қатынас жұмысын жандандыру біздің басты бағдарымыз болады. «Nur Otan» менің саясатымның мәнін түсіндіру ісінде басты институт болуға тиіс.

Елбасы  жиын соңында  аталған партиялық жобалардың  жүзеге асу барысымен танысты. Ол тың технологиялар арқылы қолға алынған «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл - ел бесігі, және «Құтты мекен» жобалары. 

Тақырып бойынша материалдар

ПАРЛАМЕНТТІК АССАМБЛЕЯНЫҢ 49- ОТЫРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
13:54, 20 сәуір 2019
ПАРЛАМЕНТТІК АССАМБЛЕЯНЫҢ 49- ОТЫРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2 АЙДАН СОҢ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ
10:42, 16 сәуір 2019
2 АЙДАН СОҢ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ
Толығырақ...