ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

ЕЛБАСЫ МАҢҒЫСТАУДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

18:27, 27 қыркүйек 2020

Қазақстанда «екінші Анталия» салынып жатыр. Каспий жағасындағы кешенді жоспардың алғашқысы іске қосылды. Шетелдік ірі инвесторлар ауқымды жобаларды қолға алды. Бүгін Елбасы өңірге арнайы барып, Маңғыстаудың туристік әлеуетімен танысты.

Бұл бастамасы ғана. Елбасы екі жыл бұрын жағажай туризмін дамытуға екпін беруді екшеп айтқан еді. Содан бері «сең қозғалды». Маңғыстау өңірі перспективті 10 үздік топқа енді. Аз уақыттта қарт Каспийдің жағасында көз тартар кешен бой көтерді. 

Гәкку Амангелдиева, турист:

Өте, өте тамаша салынған. Орналасқан жері де жақсы. Қаланың сырты. 10-нын 10-ын қоюға болады. Семьяммен келдік. Қыздарым өте, өте впечетленяда. Мәз болып...

Демалыс орталығы облыс экономикасының қарқынына қарқын қосты. 600 адам еңбекке тартылды. Дені – жергілікті жұрт. Туризм дамыса, қызмет ету саласы да өрістейтіні анық. 140 шағын кәсіп иелері келісім жасасып, ісін жүргізіп отыр. Аумақтың әлеуеті әлі де артады. Шетелдік танымал инвесторлардың күшімен 130 гектар жерді түрлендіру көзделген. 5 жыл ішінде «екінші Анталия» болады деген батыл жоспар бар.

Ғалымжан Ниязов Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары:

Екінші Анталия Ақтаудан бастап Қарақияға дейін барлық жер болашақта, бірнеше жылдың ішінде туризм аумағына ауысады деген жоспар бар. Инвесторларға жасалып жатқан жеңілдік көп. 7 салықтан босатылады құрылыс кезінде.

Инвесторларды тартуға қолайлы жағдай қажет-ақ. Әйтпесе, әйгілі компаниялар оңайлықпен келмесі хақ. Яғни инфрақұрылымды жақсарту міндеті тұр. Жыл ішінде 17 млрд теңгеге көлік жолдары мен инженерлік желілер жаңартылды. Сондай-ақ келген турист шомылумен шектелмейді. Теңізден бөлек өңірдің өзіне тән ерекшеліктерін ескеру керек. «Маңғыстау – ашық аспан астындағы мұражай». Түбек тылсымға толы. Ғажайып жерлер жетерлік. Тарихи-мәдени 590 ескерткіш бар. Ерекше қорғалатын аумақтар да аз емес. Мың естігеннен бір көрген жақсы. Бірақ оған тиісті жағдай жасалмаған. Ендігі міндет – осы туризмді тұншықтырған түйткілдерді шешу. Эко және этно туризмді түлету қолға алынбақ.  
Ержан Еркінбаев «Kazakh tourism» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы:

Қазір жергілікті 6 инвестор қызығушылық танытып отыр. Бозжыра шатқалы мен Сартас бағытына ерекше ден қойылады. Әрине, келген мейманды 10 күн бойы теңіздің жағасында ұстап тұру мүмкін емес. Ол үшін біз Түркия мен Араб елдерінің тәжірибесіне сүйеніп, түрлі бағыттағы демалысқа жағдай жасаймыз. Визит орталықтар ашылады. Шыңдарға квадроциклмен серуендеу, джип-сафари қызметтері жақын уақытта қосылады.

Қазақстанның «теңіз қақпасына» жыл сайын 220 мың турист келеді.  Бұл санды еселеп көбейтуге ауқымды жоба мүмкіндік береді. 25 жылға қарай жылына 750 мың турист келеді деген жоспар бар. Демек, жаңа жұмыс орындары көптеп ашылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Елбасы:

Бұл бағдарламаларды орындауымыз керек. Қазба байлықтарға қарап отырмай, өзіміздің халқымыз өз үйімізде демалатын болады. Қанша жұмыс орны ашылады. Бұл өте актуальный. Жұмысшыларды мамандығы жөнінде оқыту керек. Оның барлығы жай әншейін жұмыс деп ойлауы мүмкін. Бірақ мұнай өндірісінен да жақсы ақша тауып отырған елдер бар.

Ал жалпы ел бойынша 1,7 трлн теңге болатын 150 инвест жоба жүзеге асып жатыр. Оның жартысынан көбі аяқталды. Жыл аяғына дейін тағы 28-і іске қосылады. Қазақстан – Орта Азияның туристік шаңырағына айналуы тиіс. Елбасы осыны ескертті.

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ «ШЕВРОН» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
22:39, 22 қазан 2020
ПРЕЗИДЕНТ «ШЕВРОН» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫН ҚАБ...
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ЖОҒАРЫ КЕҢЕСТІҢ  ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ
22:37, 22 қазан 2020
ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ЖОҒАРЫ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫН ӨТК...
Толығырақ...
ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ ЕКІ АЙЛЫҚ ҚОРЫ ЖИНАҚТАЛЫП ЖАТЫР
21:04, 22 қазан 2020
ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ ЕКІ АЙЛЫҚ ҚОРЫ ЖИНАҚТАЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар