ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ЕЛБАСЫ ҚАБЫЛДАУЛАРЫ

10:50, 24 қаңтар 2020

Нұрсұлтан Назарбаев Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады.

Кездесу барысында Елбасы кеңес қызметінің маңыздылығына тоқталды. Әсіресе, ұлттық қауіпсіздік мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде, бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіруде маңызды рөл атқаратынын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Елбасы:

Қауіпсіздік Кеңесі елдің ішінде де, одан тысқары да қауіпсіздік мәселелерін талдайтын және қарауға ұсынатын өте маңызды мемлекеттік орган.  Оның құзырына құқық қорғау органдарының жұмысы, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шет елдермен қарым-қатынас және елдің қорғаныс қабілеті сияқты мәселелер кіреді. Сонымен бірге, құқық қорғау жүйесінің реформасына көңіл бөліп, соңына дейін жеткізу маңызды.

Елбасы сондай-ақ, Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкірованы қабылдады. Кездесу барысында өнер иесі Нұрсұлтан Назарбаевқа қазіргі қызметі туралы айтып, алдағы кезеңге шығармашылық жоспарларымен бөлісті. Әйелдер арасында Бейбітшілік және прогресс сыйлығын алған бірден-бір адамсыз. Біздің мәдениетімізді әлем елдеріне насихаттадыңыз. Біліміңіз және тәжірибеңізбен өскелең ұрпақпен бөлісуді жалғастыра беріңіз, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар