ШҰҒЫЛ! ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ЖАЙЛЫ Толығырақ

ЕЛБАСЫ ЕЛШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

19:05, 9 қазан 2018

Бүгін, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда дипломатиялық миссиясын жуырда бастаған бірқатар елдердің елшілерін кездесіп, әрқайсысының қолынан сенім грамоталарын қабыл алды.

Рәсім барысында Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо, Испания Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Давид Артуро Карриедо Томас, Израил мемлекетінің Төтенше және өкілетті елшісі Лиат Вексельман, Словакия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Милан Коллар және Еуропа Одағының Төтенше және өкілетті елшісі Свен-Олов Карлссон сенім грамотасын тапсырды.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті

Құрметті елші мырзалар Сіздер халықаралық қатынастар жүйесі түбегейлі өзгеріске ие болғанын білесіздер. Жақында Нью-Йоркте өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының кезекті сессиясында кейбір елдер арасында «сенім дағдарысының» одан әрі өрши түскені анық байқалды. Өзара сенім орнықпаса, дағдарысқа қарсы кез-келген іс-қимылдың оң нәтижесі болмайтынын мен әрдайым айтып келемін. 

Нұрсұлтан Назарбаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, оларға мемлекетаралық қатынастарды дамыту және оны одан әрі ілгерілету ісінде табыс тіледі. Әрі, Мемлекет басшысы халықаралық және өңірлік қақтығыстарды реттеу үшін Қазақстанның жүргізіп отырған көпвекторлық саясаты мен күш-жігерінің тиімділігін атап өтті.

Тақырып бойынша материалдар

ДІН КӨШБАСШЫЛАРЫ СЪЕЗІНІҢ ЕКІНШІ КҮНІ
12:00, 12 қазан 2018
ДІН КӨШБАСШЫЛАРЫ СЪЕЗІНІҢ ЕКІНШІ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАРБАҚТЫДА ДІНИ ҚАЙРАТКЕР ҒАБДУЛ-УАХИТ ТІЛЕНШІҰЛЫНЫҢ 165 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТІЛДІ
19:57, 9 қазан 2018
ШАРБАҚТЫДА ДІНИ ҚАЙРАТКЕР ҒАБДУЛ-УАХИТ ТІЛЕНШІҰЛЫНЫҢ 165 ЖЫЛ...
Толығырақ...