ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ

10:46, 24 қыркүйек 2020

Карантин уақытында тұрмыстық зорлық зомбылық оқиғалары 25 пайызға артқан. Салдарынан әлбетте әйелдер мен балалар зардап шегіп жүр. Бүгін мәжіліс мінберінде депутаттары осы мәселені көтерді. Бірінші оқылымда қаралған құжатқа сәйкес енді жәбір көрсеткен адамның үстінен арыз түссе бір жылда бір-ақ рет татуласуға мүмкіндік беріледі. Екінші рет қайталаса түрмеге қамалады. Сондай ақ арызданған зардап шегуші мен күдікті азаматты 30 күн бойы жолықтырмау ұсынылды.

Елімізде 8 айдың ішінде  130 мыңнан отбасылық зорлық-зомбылық оқиғалары тіркелген. Олардың 2 жарым мыңы қылмыстық, 30 мыңнан астамына әкімшілік жаза тағайындалады. Ал қалғаны кешірім берген. Енді  заңдағы ұсынысқа сәйкес, жәбірленушінің татуласуына  жылына бір рет мүмкіндік  беріледі. Қайталанса айыпталушы 20 тәулікке дейін  қамауға алынады.
Ирина Унжакова, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:

Алдын-алу, анықтау, бақылау, жолын кесу, жазалау және түзету. Бүгін біз ұсынған заң осы міндеттердің дер кезінде орындалуын көздейді. Соның нәтижесінде ұрыс-керістің себеп салдары айқын дәлдікпен көрсетіледі.  Ішкі істер органдарының жұмыс форматы сәл өзгеру керек. Зардап шегушіден өтінім түскесін емес, түспей тұрып себеп салдарын анықтауға кірісу керек. Мәселен, желідегі жазбаларды қарап ақ жедел алдын-алу шараларын қабылдауға болады.  

Жанжалдың болғаны емес,  болдырмаудың амалын қарастыру керек. Заңда қаралған өзгертудің өзектілігі осы. Яғни, профилактика. Алдымен агресиялық күйдегі отбасы мүшесінің мінез-құлқын түзету үшін  психологиялық моральдық көмекке басымдық беру керек. Бұдан бөлек, отбасылық конфликтіге куә болған туған туыстары, көршілері бірден құзырлы органға хабарлауы тиіс.

Алексей Калайчиди, ҚР ішкі істер вице-министрі:

Осы заңға сәйкес, біз учаскелік полицейдің қызметін кеңейтпекпіз. Тұрмыстық-зорлық зомбылық оқиғалары тіркелген отбасылардың ортақ  тізімі бекиді. Соған сәйкес, ақпараттың жалған яки шын екеніне бірден қортынды шығаруға болады.   

Сондай мәжілісте  тұрмыстық зорлық зомбылық оқиғасына  балалар куә болса жазаны ауырлату ұсынылды.  Соңғы бес айда қаралған істің 10 пайызы сотқа жетіп, тек 3  пайызы жазаланған. Өтініштерін кері қайтарып алушылардың көптігінен зардап шегушілер саны азаймай отыр. Келер жылы тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы іс қимыл жөнінде  ұлттық баяндама әзірленеді.  Құжат осы тақырып аясында қабылданатын шараларды, проблемалар мен шешу жолдарын, статистикалық мәліметтерді және талдауды қамтиды. Мәжілісте қаралған тағы бір ұсыныс. Айыпталушы мен жәбірленуші арыз жазған соң 30 күн кездеспеуі керек. Бірақ, ішкі істер министрлігінің зардап шегушілерді уақытша жайғастыратын арнайы орны болмай шықты. Сондай ақ депутаттар жәбір көрген отбасыларға жеке сот, психолог, заңгер тегін көмек көрсету керек дейді.  Тіпті жанұя мектебін жетілдіретін жеке министрлік құру керек деп қалды. Заң бірінші оқылымда мақұлданды. Аталмыш ұсыныстар екінші оқылымда ескерілмек.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ «ШЕВРОН» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
22:39, 22 қазан 2020
ПРЕЗИДЕНТ «ШЕВРОН» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫН ҚАБ...
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ЖОҒАРЫ КЕҢЕСТІҢ  ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ
22:37, 22 қазан 2020
ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ЖОҒАРЫ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫН ӨТК...
Толығырақ...
ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ ЕКІ АЙЛЫҚ ҚОРЫ ЖИНАҚТАЛЫП ЖАТЫР
21:04, 22 қазан 2020
ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ ЕКІ АЙЛЫҚ ҚОРЫ ЖИНАҚТАЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар