ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

ДЕПУТАТТАР ТЕРЕҢКӨЛГЕ БАРДЫ

18:26, 10 шілде 2019

Ел аралап жүрген мәжіліс депутаттары Тереңкөл ауданына жұмыс сапарымен барды. Халық қалаулылары аудандағы құрылыс жүріп жатқан нысандармен танысты.

Халық қалаулылары ең алдымен, Бобровка ауылдық округіндегі сүт фермасына барды. Ферманың салынуына бюджеттен 1 млрд 200 млн тенге қаражат бөлінген. Жақында Чехиядан 700-ге жуық симменталды ірі қара мал әкелінген. Қазіргі уақытта шаруашылықта карантин. Бөтен адамдарға кіруге болмайды. Әйтсе де, мәжіліс депутаттары қағиданы бұзды.

Александр Суслов, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:

Қазіргі уақытта ферма 3 жылдық азықпен қамтамасыз етілген. Симменталды қара мал әкелгендері дұрыс болған. Біз барлық жұмыс процесін қарадық. Жаман емес. Тазалық жұмыстары өте жақсы жүреді. Ауыл тұрғындарының көбін жұмыспен қамтып отыр.

Сонымен қатар, Береговое ауылында сумен жабдықтау желілерінің құрылысына да назар аударылды. Нысанды дайындауда қаржыландыру толығымен жүзеге асқанын мәжіліс депутаттары атап өтті. Ұңғыма 92 метр тереңдіктен суды тартады. Тазалау процесі аяқталғаннан кейін, үйге жеткізілетін судын контейнерлері толтырылады.

Александр Суслов, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:

Үй иесіне үйдің алдыңда тұрған ұңғымадан суды ауласына тарту жұмысы ғана қалады. Қазірдің өзіңде пластикалық құбыр лақтырылды. Негізінен, биыл нысан дайын болды.

Депутаттар, Тереңкөл ауылындағы қасапханамен танысты. Бұл жерде кәсіпкерлер мен жеке тұлғалардың өтінішері бойынша мал сойылады. Сондай-ақ , толығымен етті бұзып, мұздатқышта сақтауға мүмкіндік бар.

Александр Суслов, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:

Цех соңғы жабдықтармен жабдықталған. Мен бірнеше жыл бұрын осы мекемеде болғанмын. Жұмыс барысымен таныспын. Бұл цех қазіргі таңда халық тұтынатын таза да пайдалы өнім шығарып отыр.

Елімізде осындай кәсіпорындардың тапшы екені өтірік емес. Қасапханалардың көптеп ашылуы мал шаруашылығының дамуы мен шет елге  өнім шығаруға ықпал етеді.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА.

Тақырып бойынша материалдар

10 АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ БАҒАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАНАДЫ
10:34, 21 тамыз 2019
10 АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ БАҒАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАНАДЫ
Толығырақ...
БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
10:16, 21 тамыз 2019
БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...