ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРАТЫН ЖЕДЕЛ ШАРАЛАР Толығырақ

ДЕПУТАТТАР ЕКІ АУДАНҒА БАРДЫ

19:03, 11 шілде 2019

Жұмыс барысымен аймақтарды аралап жүрген мәжіліс депутаттары Успен және Шарбақты аудандарында болып, шаруашылықтармен танысты. Сонымен қатар, әлеуметтік нысандарға да барып халықтың тұрмыс-тіршілігіне қанық болды.

Халық қалаулылары Успенде аудандық ауруханаға барды. 20 төсек орны бар емдеу мекемесінің күндізгі қабылдау бөлімі 41 науқасқа арналған. Ауруханада 70 адам еңбек етсе, олардың 23-і дәрігер. Аудан тұрғындарына қажетті медициналық көмектің барлығын жасайды. 

Айгүл Нұркина, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:

Рецеп жазып беруде мәселелер бар. Үш айдан бері дәрігердің нұсқауымен дәрі дәрмектер беріледі. Алайда тұрғындар алдын ала дәрі дәрмек алуға асықпайды. Дәріханалардан рецептің көшірмесімен дәрілер босатылмайды екен. Осы мәселені көтеруіміз керек.

Депутаттар тұрғындар тарапынан түскен барлық өтініш талапты денсаулық сақтау министрлігіне жеткізетіндерін айтты. «NUR OTAN» партиясының аудандық бөлімшесінде өткен кездесуде атаулы әлеуметтік көмек беру мәселесі де басты назарда болды. Бұдан кейін халық қалаулылары Галицкое ауылдық округіне барды. Үлгілі ауылда тұрғындар үшін барлық жағдай жасалған.   

Александр Касицин, «ГАЛИЦКОЕ» ЖШС басшысы:

Орталық жүйе істен шығып қалады. Біз оны өз қаражатымызға жөндетеміз. Өйткені, біз орталық орталықтандырылған кәріз және су жүйесіне үйренісіп қалдық. Бұл жерден Ресей шекарасына дейін небәрі 1 шақырым. Сондықтан біз тұрғындарды сақтап қалуымыз тиіс.

Сондай-ақ бұл күні мәжіліс депутаттары Шарбақты ауданына да ат басын бұрды. Аудандағы коворкинг орталығында жастармен кездесіп, өскелең ұрпақтың арман мақсаттарына құлақ түрді. 

Жастармен өткен кездесу өте тартымды болды. Белсенді жастар көкейлеріндегі сұрақ сауалдарын еркін жеткізіп, ой пікірлерін ортаға салды. 

 

Есенбек САНАТҰЛЫ, Вероника ВИШНЕВСКАЯ.

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
18:36, 12 шілде 2019
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:47, 18 шілде 2019
ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...