ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР

20:57, 2 сәуір 2020

Коронавирустың кесірінен ел бюджеті 1 трлн 700 миллиард теңге табыстан қағылғалы тұр. Бұған мұнай бағасының арзандауы мен салықтан түсетін түсімнің төмендеуі себеп. Әлемді дүрліктірген коронавирус, экономиканы да шатқаяқтатып жатыр.

Мәселен жыл басынан бері мұнай 66%-ке, металдар-16%-ға арзандаған. Тауар айналым да көңіл көншітпейді. Елімізде экспорт көлемі 16, ал импорт 7,5 миллиард долларға төмендеген. Бұл ЖІӨ көрсеткішін 0,9%-ке азайтуы мүмкін. Бюджет те едәуір табыстан қағылғалы тұр. (Сандарды графикада көрсетемін. Өйткені снх-да министр айтады)

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

2020 жылы республикалық бюджеттің кірістері трансферттерді есепке алмағанда 6,4 трлн теңге көлемінде бағалануда. Бұл бекітілген жоспарға қарағанда 1,7 трлн теңгеге аз. Түсімнің төмендеуіне мұнай бағасының арзандауы мен салық түсімдерінің азаюы себеп.

Сондықтан бюджет тапшылығын жою үшін Ұлттық қордан қосымша 2,07 трлн теңге алынбақ.

Әрі Үкімет кіріс-шығысты оңтайландыру мақсатында 2020-2022 жылдарға арналған бюджетті қайта қарады. Өйткені еліміздің басты қаржылық құжаты мұнай баррелі 45 пен 55 доллар болады деп есептелген. Бірақ қара алтынның құны қазір құбылып тұр. Төл ақшамыз да долларға шаққанда 445 теңгеге дейін арзандады. Валютаның құнсыздануынан барлық әлеуметтік төлемдер де индексацияланады.

Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі:

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап әлеуметтік төлемдерді индексациялау және шетел валютасының өзгеруіне байланысты шығыстарды өтеу жүзеге асырылатын болады. Оған 315 млрд теңге бағытталған.

Ал инфляция деңгейі 9-11 пайыз болады деп күтілуде. Бірақ Үкімет негізсіз қымбатшылыққа жол бермейміз дейді. Халық пен кәсіпкерлерді қолдаудың да жоспары әзір.

Шағын және орта бизнес иелері 1 қазанға дейін салық пен жарналарды төлеуден босатылды. Ал жұртты жұмыспен қамту үшін жол картасы әзірленді. Оны іске асыру үшін 1 трлн теңге бөлінбек. Бұл 250 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Табысынан қағылғандарға да көмек көрсетіледі. 3 млн тұрғынға 42500 теңге беріледі. Мәселені қатаң бақылауға алуды тапсырған премьер-министр банктер де, халық пен кәсіпкерлерге қолдау көрсетуі керек деді.

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі екінші деңгейлі банктермен бірігіп, тиісті ұсыныстарды әзірлесін. Әкімдер мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жұмыспен қамтудың жаңа жол картасын сапалы және тиімді іске асырып, әлеуметтік қолдаудың барлық түрлерін төлеуді қамтамасыз етсін.

Ал өмірін қауіпке тігіп, коронавирусқа шалдыққандарды емдеп жатқан дәрігерлерге сыйақы төлеу үшін 40 млрд теңге бөлінбек. Көп балалы отбасылар мен тұрмысы төмен 800 мыңнан астам отбасы мемлекет есебінен тегін азық-түлікпен қамтылады. Ал дағдарысқа қарсы жоспар мен республикалық бюджетті нақтылау бойынша тиісті Жарлықтің жобасы көп кешікпей президент қарауына жіберіледі.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР А.МАМИННІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
10:00, 25 мамыр 2020
ПРЕМЬЕР-МИНИСТР А.МАМИННІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
Толығырақ...
ӘСКЕРИ АРСЕНАЛДАР МЕН БАЗАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ
15:24, 22 мамыр 2020
ӘСКЕРИ АРСЕНАЛДАР МЕН БАЗАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ
Толығырақ...
СЕНАТ САЯСИ ПАРТИЯЛАР ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН МАҚҰЛДАДЫ
15:22, 22 мамыр 2020
СЕНАТ САЯСИ ПАРТИЯЛАР ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН МАҚҰЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...