ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ

22:51, 20 қазан 2020

Келесі аптадан бастап шетелге ұшатын әуе рейстердің саны қысқарады. Бүгін Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында COVID-пен күресудің қосымша шаралары қабылданды.

Сонымен шешімге сай ел аумағына келгендердің барлығы ПТР-тестілеуден өтуге міндеттеледі. Әрі тестіден өткені туралы анықтаманың жарамдылық  мерзімі 3 күн деп белгіленді.  

Сондай-ақ, бизнес субъектілерінің қызметін жандандыруға қатысты да бірқатар шешім бекіді. Осы сенбіден бастап  «жасыл» яғни тұрақты эпидемиологиялық ахуалы бар өңірлерде сауда үйлері, жабық базарлар, ойын сауық орталықтары сағат беске дейін жұмыс істейді. Ал, келесі дүйсенбіден кинотеатрлар қашықтықты және маска тағу режимін сақтай отырып, 30%-дан аспайтын көрермендерімен жұмысын қайта бастамақ.

Айта өтейік, тұрақты эпидемиологиялық ахуалы бар өңірлерге қазір: Шығыс, батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары мен Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары кіреді.   Десе де, Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, бильярд, компьютер клубтарының, ойын-сауық мекемелерінің, банкет залдарының, түнгі клубтардың қызметіне салынған тыйым сақталады. Облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды құруға да тыйым салу жалғасады.

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

Көріп отырғандарымыздай әлем мемлекеттерінде коронавирустың таралуы бойынша жағдай тұрақсыз, ал қазақстанда тұрақты болып тұр. Осы ретте қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қатаң бақылауды қолға алып, вирустың таралуына жол бермеу үшін нақты шаралар қабылдау қажет

ШЕКАРАДАН ӨТКІЗУ ПУНКТТЕРІНДЕ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ТӘРТІБІ:

• 26 қазаннан бастап шетелге ұшатын әуе рейстерінің санын қысқарту;
• Қазақстан аумағына келгендердің барлығын міндетті ПТР-тестілеуден өткізу;
• ПТР тестіден өткені туралы анықтаманың жарамды мерзімін 3 күнге дейін белгілеу
 

БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІН КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢМЕН ҚАЙТА ЖАНДАНДЫРУ:
24 қазаннан сауда ойын сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін жұмыс істей бастайды. 26 қазаннан кинотеатрлар жұмысын қайта бастайды.

ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ САҚТАЛАДЫ:

Мектепке дейінгі балалар мекемелері, бильярд, компьютер клубтары, ойын-сауық мекемелері, банкет залдары, түнгі клубтар
Облысаралық жолаушылар тасымалы, ортақ вагондарды құру.

Тақырып бойынша материалдар

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ТЕТІКТЕРІ ЖЕТІЛДІРІЛЕДІ
22:27, 4 желтоқсан 2020
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ТЕТІКТЕРІ ЖЕТІЛДІРІЛЕДІ
Толығырақ...
ЕАЭО-ҚА МҮШЕ ЕЛДЕР АРАСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
22:23, 4 желтоқсан 2020
ЕАЭО-ҚА МҮШЕ ЕЛДЕР АРАСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ КҮШЕЙТУ Қ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар