ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫ

22:11, 5 маусым 2019

Былтыр республикалық бюджет 99,8 пайызға орындалды. Бұл 9,6 трлн теңге. Соның жартысынан астамы әлеуметтік салаға жұмсалды. Үкімет пен Есеп комитетінің мәжілісте келтірген мәліметі осы. Сондай-ақ 2017 жылмен салыстырғанда қазына 840 млрд теңгеге жуық молайғаны да айтылды. Бірақ депутаттар бюджеттің тиімсіз пайдаланылып жатқан тұстарын да сөз етті.

Бюджеттің әр тиынын тиімді жұмсау туралы Елбасы тапсырмасын мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин еске салды. Депутаттар да бірқатар олқылықтарға тоқталды. Мәселен, салықтық басқарудағы проблемалар, мемлекеттік тапсырыстарды жүйесіз жоспарлау. Сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың сапасыз орындалуына жеке басшылардың төмен жауапкершілігі және министрліктер мен ведомстволарда жұмыстың жөн үйлестірілмеуі.

Жанат Омарбекова, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:

Есту қабілеті және тірек қимыл апараты бұзылған мүгедектер үшін 803 жұмыс орнын құру жоспарланған және конкурстық тәртіппен 279 ұйым іріктеліп алынған еді. Нәтижесінде не бары 355 жұмыс орны құрылды. Жұмысқа орналасуға мұқтаж 120 мың мүгедекті сіз қалай қамтамасыз етесіздер?

Бердібек Сапарбаев, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Қазіргі таңда біздің елімізде 680 мың мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Олардың 461 мың жұмысқа қабілеті бар. Қазіргі таңда өкінішке орай олардың жұмыс істейтіні 20 мыңға жуық. Бұдан былай жұмыс берушілер өздерінек берген квотаны орындамайтын болса онда біз оларға шара қолдануымыз керек. Ол шараның бірі сол жұмыс орындарына кететін қаржыны арнайы құрылған қорға құю керек. Сол қорға түскен қаржы арқылы біз жергілікті билікпен бірлесіп азаматтарға жұмыс орнын ашу.

Үкімет пен Есеп комитетітінің жұмысына үш фракцияның өкілдері сын-ескертпелерін жеткізді. Дегенмен кіл кемшілік емес, жетістіктер де бар. Жалпы алғанда еліміздің экономикасын арттыру тұрғысындағы мақсаттарға қол жеткізілген. Отырыс соңында құзырлы органдардың қорытынды есебі жоғары палатаға жолданды.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ ГРАМОТАЛАРЫН ТАПСЫРДЫ
10:16, 11 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ ГРАМОТАЛАРЫН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...