ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

БЮДЖЕТ ШЫҒЫНДАРЫ ҚЫСҚАРТЫЛМАҚ

09:55, 19 ақпан 2020

Биылға жоспарланған бюджет шығындары 128,6 миллиард теңгеге қысқармақ. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты. Ол орынсыз шығындарды азайтуды ұсынды. Ал, бұл қандай шығындар? Қысқарту жұмыстары қашан, қалай жүзеге асырылмақ?

Бюджеттің қаржысын бей-берекет шашпауды мемлекет басшысы былтыр сәуір айында айтқан. Ал, биыл қаңтарда қаржы министріне қайтадан қадап тапсырған. Сол бағытта тиісті талдау жүргізген ведомства басшысы бүгін өз ұсыныстарын ортаға тастады. Оның сөзінше, бюджеттің 128,6 миллиард теңгесін үнемдеу көзделуде.

Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары, қаржы министрі:

Осы ұсыныстар  ағымдағы жылдың бюджетін нақтылау және келесі үш жылдық кезеңге арналған бюджетті қалыптастыру кезінде жүзеге асырылатын болады. Мемлекеттік бюджет бойынша оңтайландыруға мынандай шығыстар ұсынылды. Семинарлар, конференцилар, автокөлік, жиһаз сатып  алуға арналған шығыстар. Іс-сапар,өкілдік шығыстар, талдамалы зерттеулер және өзге де приоритетті емес шығыстар.

Әлихан Смайылов қай сала қанша қаржы қысқарту керек екенін де нақты көрсетті. Мәселен, мемлекеттік органдар - 23 миллиард теңге, өңірлер - 26,6 миллиард теңге және квазимемлекеттік сектор субъектілері - 79 миллиард теңгеге жоспарланған шараларды қайта қарап, қажетсіз шығындарды азайтуы тиіс. ВИДЕО: Ал, экономист Сапарбай Жобаевтың айтуынша, еліміздің республикалық бюджеті - 11 триллион теңге. Оның қасында бұл үнем көп болмаса да, оның өзін тиімді жұмсауға болады.

Сапарбай Жобаев, экономист:

Бұл 128 млрд мына біздің жаңағы білім саласына берілетін бір 2 триллионның алдында бір 2-3 пайыз ғана ақша болып көріненді. Бірақ, егер де мәселен, нақты қанша бір мектептер салуға жіберетін болсақ біздің Қазақстанда оңтүстіктегі мектептер 1 млрд теңгенің көлемінде салса болады да, солтүстікте 2 млрд теңгенің бағасында болады. Сондықтан, мен ойлаймын бұл где-то 70-80 мектепті құруға жететін қаражат деп салыстырса болады.

Аталған қаржыны кімнің қалай қысқартатыны әзірге нақты белгісіз. Ал, Үкімет басшысы Асқар Мамин квазимемлекеттік сектордағы ұлттық холдингтер мен компания басшылары, өңірлердегі шығындар бойынша жергілікті әкімдіктер мәслихатпен бірлесе шешім қабылдауы керек,-деді.  Тапсырманы орындауды Алматы облысы бастап та кетіпті.

Бақыт Төлебекова, Алматы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары:

2,2 млрд теңгені қысқарту көзделіп отыр. Оның ішінде ең қомақтысы муниципалдық автобустар сатып алу. Туризм кәсіпкерлік және мәдениет саласынжа өнімсіз іс-шараларды қысқарту. Имидждік бағыты бар семинар, форумдар, конференцияарды қысқарту болып есептеліп отыр. Бұл бойынша 368 млн теңге қысқартылады.

Үнемделген құмақты қаржы қайда және қашан жұмсалады? Ол жағы әзірге бей мәлім. Дегенмен мұның өзі әлеуметтік салада қордаланған түйткілдерді шешудің тағы бір маңызды қадамы болмақ.

Тақырып бойынша материалдар

ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕР АРНАУЛЫ ЖИЫНДАРҒА ШАҚЫРЫЛАДЫ
20:48, 2 сәуір 2020
ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕР АРНАУЛЫ ЖИЫНДАРҒА ШАҚЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...