ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

БИЫЛ ЕЛОРДАДА 13 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

15:20, 22 мамыр 2020

Биыл бас қалада 10 мың оқушыға шақталған 13 мектеп пайдалануға беріледі. Ал алдағы екі жылда тағы 19 білім ұясы бой көтереді. Бұл туралы үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссияның отырысында айтылды.

Сондай-ақ, биыл елорданы газбен қамтамасыз ету жұмысы жалғасын табады. Газ жеткізудің алғашқы кезегі бойынша Көктал, Железнодорожный, Промышленный және «Оңтүстік-Шығыс» тұрғын үй алқаптарында құрылыс жұмыстары жүреді. Премьер-министр мектеп, бала-бақша сынды әлеуметтік нысандардың құрылысы жоспарға сай жүру керектігін тапсырды. Қаланы абаттандыру жұмыстарын да ширату керектігі айтылды.

Асқар Мамин, Қазақстан Республикасының премьер-министрі:

Елорда құрылысы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүзеге асырған тарихи жоба. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев алдымызға елорданы дамыту жөнінде бірқатар нақты міндеттер қойды. Енді біздің басты міндетіміз – қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның инфрақұрылымын, сыртқы келбетін жақсарту. Елорда өмір сүру сапасының деңгейі бойынша барлық өңірге үлгі болуы тиіс.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР А.МАМИННІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
10:00, 25 мамыр 2020
ПРЕМЬЕР-МИНИСТР А.МАМИННІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
Толығырақ...
ӘСКЕРИ АРСЕНАЛДАР МЕН БАЗАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ
15:24, 22 мамыр 2020
ӘСКЕРИ АРСЕНАЛДАР МЕН БАЗАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ
Толығырақ...
СЕНАТ САЯСИ ПАРТИЯЛАР ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН МАҚҰЛДАДЫ
15:22, 22 мамыр 2020
СЕНАТ САЯСИ ПАРТИЯЛАР ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН МАҚҰЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...