ШҰҒЫЛ! Қ.ТОҚАЕВ РЕСМИ ТҮРДЕ ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСТІ Толығырақ

БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ

09:17, 21 мамыр 2019

«Парламенттік дипломатия әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздіктің орнауына сеп болуда». Бұл туралы бүгін Бішкекте өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік ассамблеясы кеңесінің көшпелі отырысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин айтты.

Қазақстандық парламентариилер ұйым бойынша әріптестерімен  өңірлік қауіпсіздік жағдайын талқылап, алдағы жоспарларын бекітті.  Алысты алаламай, жақынын жараламайтын Қазақстан қашан да бейбіт істердің бастамашысы. Әділ және адал медиатор. Осылай деп біздің елді айтады жаһан жұрты. Қазақстандық делегацияны бастап барған Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин  мемлекетің бұл бағыттағы жұмысын басты назарға алды.Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларының нәтижесінде айтарлықтай жетістіктеріміз бар. Оның бірі «Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу кодексін» қабылдауды біздің ел ұсынып, оған қазір жетпістен астам мемлекет өкілі қол қойып үлгерді. Оның негізгі мақсаты 2045 жылға қарай терроризмнен азат әлемге қол жеткізу. Сирия келіссөздерін өткізуге өз алаңын ұсынуы жауласып, жаға жыртысқандарды елдестіруде елеулі орын алды.

Леонид Калашников - РФ мемлекеттік думасының комитет төрағасы:

-Үлкен Еуразия континентінде жаһандық, аймақтық деңгейдегі жоғары деңгейдегі бастамалар Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі екенін барлығы біледі.  Назарбаевтың Еуразиялық экономикалық одақ аясында интеграциялық серіктестік туралы идеясын ұсынғанына 25 жыл толды. Міне, қазір одақтас елдер соның жемісті нәтижесін көріп отыр.

Осыдан бірнеше күн бұрын Тұңғыш Президент-Елбасы  Астана экономикалық форумында Еуразияда қауіпсіздік аумағын құру туралы идеясымен бөліскен еді. Жалпы Нұрсұлтан Назарбаевтың қай бастамасы болмасын,оны жаһан жұрты жақсы қабылдайды. Бұл біздің елдің абыройының көрсеткіші.

Евгений Примаков - РФ мемлекеттік думасының депутаты:

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бітімгер,дана саясаткер. Ол өзінің көрегендігімен Ресей, өзге де алпауыт мемлекеттермен, Таяу Шығыс елдерімен үздік дипломатиялық байланыс орнатты. Сирия мәселесін шешуде Астана процесін ұсынғаны үздік нәтиже бергенін білеміз.

 Отырысқа қатысушылар  Ауғанстандағы аухал мен Сербиядағы жағдайды талқылға салды. Сонымен қатар заңнамалық жұмыстарды күшейту керектігі де айтылды. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің пікірінше,  парламентаралық диалог қауіпсіздікті нығайтуға тың серпін береді. Осы орайда  ынтымақтастықты нығайта түсу үшін, Мәжіліс спикері өзінің әріптестерін қыркүйек айының 23,24 күндері Нұр-Сұлтанда өтетін Еуропа және Азия парламенттері спикерлерінің жиналысына қатысуға шақырды. Елбасының Еуразиялық интеграция құру идеясының 25 жылдығына орай өткізілетін «Үлкен Еуразия, Диалог. Сенім. Серіктестік» атты көлемді парламенттік форумында көпқырлы әріптестік жағы талқыланып,  барлық еуразиялық кеңістіктің тұрақты дамуы мен сапалы өмірі үшін өзекті мәселелер ортаға салынады деп күтілуде.Қазірдің өзінде 48 мемлекет қатысатынын растады. Сонымен қатар Мәжіліс төрағасы шетелдік әріптестерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізді.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТАДЫ
15:16, 19 маусым 2019
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар