ШҰҒЫЛ! АЛТЫ ЖАСТАН МЕКТЕПКЕ БАРУ МІНДЕТТЕЛЕДІ Толығырақ

БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙТЫН КЕҢЕС ҚҰРЫЛДЫ

10:50, 8 ақпан 2019

Нұр Отан партиясы жанынан Балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңес құрылды. мақсат көп балалаы отбасыларға қолдау көрсетіп, аналарға қажетті жағдай жасау туралы ұсыныстар мен шаралар даярлау. Сондай-ақ, балалардың құқықтары мен заңдық мүдделеріне қорғауды қолға алу. Кеңес еліміздің барлық өңіріндже өз жұмысын бастады.

Кеңестің құрылуына Түркістан қаласындағы балалар арасындағы төбелес түрткі болған. Қоғамдағы балалар және аналар мәселесіне қатысты қалыптасқан ахуалды ескере келе Партия бүгін кеңестің алғашқы отырысын өткізді.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ  

Елбасының тапсырмасымен партия жанынан кеңес құрдық. 

Кеңеске мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдар, бала мен ана тақырыбын терең білетін мамандар мүшелікке енді. Көбінің бала бағып үйде отырған аналарға төленетін жәрдемақы мөлшеріне көңілі толмайды.

ДИНАРА ЗАКИЕВА, «НҰР ОТАН»ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ  100 мың теңге төңірегінде жәрдемақы төленсе, онда ананың алаңсыз үйде отырып, бала тәрбиелеуіне мүмкіндік тумақ. Бұл орташа жалақымен пара пар.

Көп балалы ана құқығы, олардың әлеуметтік әрі экономикалық жағынан қамту басты назарда. Ел ертеңі баланы дүниеге әкеліп, оны тәрбиелейтін ана мәртебесін көтермей тұрып ел болу деу бекер дейді, қоғам қайраткерлері.

МҰРАТ ӘБЕНОВ, «TAIBURYL» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ ҚАМҚОРШЫЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ 

Қандай мәселе бар. Мынау шешілді. Мынау шешілмеді десе болады ғой. Екі үш күн көрінбей қашып жүреді. Әлеуметтік желі дамыған. Азаматтар ақпаратын тез таратады.

Жиында көтерілген ұсыныстар мен өтініштер хаттамаға енгізілді. Ендігіде осы құжат президент әкімшілігі мен Премьер Министрдің орынбасары ерболат Досаев басқаратын жұмыс тобының қарауына жөнелтілмек.

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ СҰРАҚТАРЫ ҚАРАЛДЫ
22:24, 15 ақпан 2019
ЖЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ СҰРАҚТАРЫ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

1-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАР  6-ЖАСТАН ҚАБЫЛДАНАДЫ
19:16, 15 ақпан 2019
1-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАР 6-ЖАСТАН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
БІРҚАТАР ӨҢІРДІҢ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА БАСШЫЛАРЫ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МҰҚТАЖ АЗАМАТТАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН ҚОСЫМША ҚАРЖЫ ТАПТЫ
18:37, 15 ақпан 2019
БІРҚАТАР ӨҢІРДІҢ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА БАСШЫЛАР...
Толығырақ...