ШҰҒЫЛ! «МАЙДАН ЖОЛЫ» ЖАСАҒЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ Толығырақ

БАЛА ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙТЫН ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ

21:40, 14 наурыз 2019

Өзбекстан жыл сайын 2 млн тоннаға қазақстандық мұнайды сатып алуға мүдделі. Бүгін Сенат депутаттыр тиісті келісімді ратификациялады.

Сонымен қатар жалпы отырыста   Мәжіліс мақұлдаған «баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша құжат қабылданды. Бұл мәселені алғаш Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр қыркүйек айында көтеріп, қылмыстық заңдарды, оның ішінде балалардың құқықтарына қатысты мәселелер жөніндегі заңдарды шектен тыс ізгілендіруді тоқтатудың қажеттігі туралы айтқан болатын. Ол жыныстық сипаттағы құқық бұзушылықтар үшін жазаны қатайтуға шақырған еді. Парламент депутаттары әзірлеге құжаттың тиімді тұстары көп. Ендігі жерде ата-аналардың, өгей әке-шешелердің, мұғалімдердің, қамқоршылардың кәмелетке толмағандарды зорлауы немесе зорлық көрсеткені үшін қылмыстық жауаптылық күшейе түседі. Бұл баптар бойынша қылмыс жасағандарды 12-ден 17 жылға дейін соттау көзделіп отыр.

Тақырып бойынша материалдар

БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
09:17, 21 мамыр 2019
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар