ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

АУЫЛ-АЙМАҚТАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ПАРЛАМЕНТТЕ ҚАРАЛДЫ

15:13, 25 қазан 2020

Ауылдық аймақтарды дамыту мәселелерін басқаруды Ұлттық экономика министрлігі қарамағынан алып Ауыл шаруашылығы министрлігіне беру керек. Бүгін сенатта өткен парламенттік тыңдау кезінде Депутат Ақылбек Күрішбаев осындай ұсыныс жасады. Оның айтуынша ауыл өндірісі мен тұрғындарға оңтайлы жағдай жасау ортақ мәселе.

Елімізде 6300 ден астам ауыл бар. Халықтың 41 пайызы осы ауыл аймақтарда қоныстанған. Сенатта айтылған ақпарат бойынша  проблеманың ең бастысы халық санының азаюы мен жұмыс күшінің қалаға ығысуына байланысты.
Ақылбек Күрішбаев, ҚР парламенті сенатының депутаты:

Жылдан жылға халықтың ауылдық жерден көшуі өсіп келеді. Өткен жылы жарты миллионға жуық адам ауылдан қалаға қоныс аударған. Бұрын ауылда бала туу деңгейі қалаға қарағанда әрқашан жоғары болатын. Ал соңғы 6 жылда бұл көрсеткіш ауылдық жерлерде төмендеп кетті.
2004 жылдан бастап ауылдық жерді дамыту мақсатында 6 бағдарлама қабылданып, 2 трлн теңгеге жуық ақша бөлінген. Дегенмен, мәселелер әлі де толық шешілмей отыр.

Абылай Мырзахметов «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы:
Үлкен қалалар мен ауыл шаруашылығы дамыған облыстардың арасы өте алшақ болып тұр. Алматы қаласының жалпы экономикасы мен солтүстік Қазақстан облысын қарасақ 11 есе екен арасы. Бұл деген ойландыратын жағдай.
Ұлттық экономика министрлігі ауылдық жерлердің қажеттілігін нақтылау үшін арнайы сараптама жүргізген. Оның қорытындысы бойынша әр бесінші ауылдағы мектеп пен балабақша, әр үшінші ауылдағы медицина мекемелері күрделі жөндеуді қажет етед. Ауыз су тапшылығы мен жолдың жоқтығынан қиналған елдімекендер өте көп.

Руслан Дәленов, ҚР ұлттық экономика министрі:

Ауыл ел бесігі бағдарламасына ұлттық жоба мәртебесін беру қажет. Сонда түрлі мақсаттағы бағдарламаларды ауылдың экономикасы мен әлеуметтік жағдайын жақсартуға жұмылдыра аламыз.

Ауылда шаруасын дөңгелеткен кәсіпкерлер кадр тапшылығы мәселесін ерекше айтты.Қажетті мамандарды ірі оқу орындары мен шетелде оқыту үшін мемлекеттен субсидия бөлуді сұрады. Бастысы қабылданған бағдарламалардың жұмысын жүйелі түрде қадағалап отыру маңызды екенін айтты.
Мәулен Әшімбаев, ҚР парламенті сенатының төрағасы:

Бүгін ауыл ел бесігі жобасына ұлттық жоба мәртебесін беру туралы жақсы ұсыныс айтылды. Бұл бастаманы орынды деп қабылдаймыз. Ұлттық жоба осы бағыттығы мәселелержі кешенді түрде шешуге, ауылға көрсетілетін мемлекеттік қолдауды жүйелеуге мүмкіндік береді.
Палата төрағасы ауылдарды сақтау және дамыту – Ұлттық қауіпсіздік үшін де өте маңызды екенін айтты. Әсіресе шекара маңындағы елдімекендерге ерекше мән беру керек деді ол.

 

Тақырып бойынша материалдар

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ТЕТІКТЕРІ ЖЕТІЛДІРІЛЕДІ
22:27, 4 желтоқсан 2020
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ТЕТІКТЕРІ ЖЕТІЛДІРІЛЕДІ
Толығырақ...
ЕАЭО-ҚА МҮШЕ ЕЛДЕР АРАСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
22:23, 4 желтоқсан 2020
ЕАЭО-ҚА МҮШЕ ЕЛДЕР АРАСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ КҮШЕЙТУ Қ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар