ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

10:16, 8 қазан 2019

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты. Ведомства басшысының сөзінше, атаулы әлеуметтік көмек алудың да шарттары өзгереді.

Министрліктің дерегінше осы жылдың тоғыз айында 417 мың отбасы, яғни 2 миллион 138 мың адамға аталған көмек тағайындалған. Олардың басым бөлігі Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының тұрғындары. Сондай-ақ, аз қамтылған және көпбалалы отбасындағы балаларға кепілдендірілген әлеуметтік топтама қарастырылған. Бұл заң жобасы қазан айының соңына дейін парламентте қаралып, жаңа жылдан бастап күшіне енеді. Министрлік әзірлеген жаңа заң жобасы үш бағытты қамтиды. Көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек және балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік топтама. Ол үшін 2020 жылға бөленген жалпы бюджет 320 миллиард теңге. ГРАФИКА: Бірінші, көпбалалы отбасылар табысына қарамастан бала санына қарай жәрдемақы алады. 42500 теңгеден 73 мың теңгеге дейін. Әр балаға орта есеппен 10-11 мың теңге. Қазақстан бойынша бұл жәрдемақыны алатындардың саны 343 мың отбасы.  Сондай-ақ, аз қамтылған, соның ішінде көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек те беріледі. Әр балаға 20789 теңге. Алайда ол үшін еңбекке қабілетті отбасы мүшелері міндетті түрде жұмыс істеуі тиіс деді министр.

Біржан Нұрымбетов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Егер отбасының еңбекке қабылетті мүшесі ұсынылған жұмыстан бас тартса ол және оның отбасы мүшелері аэк-тен айырылады. 7:45- аэк бұл уақытша қолдау. Отбасының жағдайы үшін мемлекет пен қатар отбасының жұмысқа жарамды адамдары үшін де жауапты екенін атап өткім келеді. 

Жаңа шарт бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушыларға бос жұмыс орындары, жеңілдетілген шағын несие, қайтарымсыз грант және жаңа кәсіпті үйрену ұсынылады. Бұл ретте «Еңбек» бағдарламасына өзгертулер енгізілмек. Балаларға арналған әлеуметтік топтама да бірінші қаңтардан басталады. 1-6 жас аралығындағылар, яғни мектепке дейінгілер үшін балалар тағамы, гигиеналық құралдар, білім беру қызметтері ұсынылады. Ал 6-18 жас аралығындағы оқушылар үшін ыстық тамақ, мектеп киімдері, оқу құралдары, жол жүрі шығындары мемлекет есебінен жүзеге асады.

Біржан Нұрымбетов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Неге бір жасқа дейінгілер жатпайды деп сұрап жатқандар бар. Себебі біздеге ізаңдар бойынша бір жасқа дейәінгі бала күтіміне арнайы жәрдемақылар бар. Бұл кепілдендірілген топтама болғасын барлық ас қамтылған жанұя, әр ауылға жететін болады. ол мектеп болсын, үйіне апарып берсін оны жеткізіп беретін доставка болады.

Атаулы әлеуметтік көмек төңірегінде жағымсыз факторлар да бар. Мәселен, осыған дейін 73814 отбасы табысын жасырып қалған. Қазір заңсыз тағайындалған көмектің 155 миллион теңгесі мемлекетке қайтарылды. Бұл мәселеде алаяқтыққа барғандарды жазалау керектігін президент Қасым-Жомарт Тоқаев та айтқан болатын.  

Асқар Мамин Қазақстан Республикасының премьер-министрі:

Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай аэк тетігі ашық әрі әділетті болуы, адамдарды бейқамдыққа емес, еңбек етуге ынталандыруы тиіс. Бүкіл әлемде азаматтарды қолдаудың жүйесі ең мұқтаж адамдарға ғана бағытталады. 

Жаңа жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек әр тоқсанда, яғни үш ай сайын тағайындалып тұрады. Бұл табыс жасыруды төмендетпек. Сондай-ақ, учаскелік комиссиялардың жұмысы да күшейтіледі. Қазанның соңына дейін парламентке ұсынылатын жаңа заң атаулы әлеуметтік көмек алатындардың санын 1,6 миллионнан 900 мыңға азайтпақ.

Тақырып бойынша материалдар

ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
19:14, 5 желтоқсан 2019
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ИНВЕСТОРЛАРҒА ЕРЕКШЕ ВИЗА БЕРІЛЕДІ
10:13, 5 желтоқсан 2019
ИНВЕСТОРЛАРҒА ЕРЕКШЕ ВИЗА БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар