ШҰҒЫЛ! «МАЙДАН ЖОЛЫ» ЖАСАҒЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ Толығырақ

АРНАЙЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ

21:43, 14 наурыз 2019

Ал бүгін Абу-Дабиде Дүниежүзілік жазғы Арнайы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған бұл сайысты Таяу Шығыс елдері арасында Біріккен Араб Әмірліктері алғаш боп өткізбекші. Салтанатты шараға шақырылған құрметті қонақтардың арасында Қазақ Президенті де бар. Және жарыста біздің спортшыларымыз да бақ сынамақшы.

Жарысқа Қазақстан 67 спортшысын үкілеп қосып отыр. Олар теннис, боулинг, бадминтон, баскетбол, жеңіл атлетика секілді бірнеше спорт түрінен бақ сынайды. Оларға сәттілік тілеу үшін Мемлекет басшысының өзі арнайы келді. Бұл олимпиада негізінен ақыл-есінде ауытқуы бар жандар арасында өтетінін айта кету керек. Әр екі жыл сайын өткізіліп тұрады. Қазақстан құрамасы 1991 жылдан бастап  14 Дүниежүзілік Жазғы және қысқы Арнайы Олимпиада Ойындарына  қатысқан екен. Бүгінге дейін 225 алтын, 221 күміс және 160 қола медальді жеңіп алды. Еліміздегі Спешиал Олимпикс қозғалысы бүгінде 20 мыңнан астам спортшыны қамтып отыр. Олардың арасында балалар үйінің мектеп интернаттардың тәрбиеленушілері де бар. Биылғы олимпиада ойындары  біздің спортшыларымыз үшін үлкен сын болғалы тұр. Өйткені, биыл олимпиадаға қатысушылар өте көп. 190 елден 7 жарым мыңдай спортшы келеді екен. 24 спорт түрі бойынша сайысады. Олардың  ойынын  500 мың көрермен тамашалайды.

Тақырып бойынша материалдар

БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
09:17, 21 мамыр 2019
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар