
Премьер-министр Асқар Мамин Ашхабад қаласында Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен кездесті. Келіссөз барысында энергетика, ғарыш, ауыл шаруашылығы саласындағы әріптестік сөз болды.
Бұдан бөлек әскери-өнеркәсіптік кешен, көлік-транзит дәліздерін дамытудағы өзара іс-қимыл келешегі талқыланды. Сондай-ақ Ашхабадтағы сапары барысында Асқар Мамин ТМД Үкіметтері басшылары кеңесінің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты. Ол жиынның қорытындысы бойынша елдер арасындағы әріптестікті дамытуға бағытталған 6 бірдей құжатқа қол қойылды.