ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

АЛМАТЫДАҒЫ ӘУЕ АПАТЫ

19:38, 27 желтоқсан 2019

Алматыдағы әуе апатының себептері анықталу үстінде. Оқиға орнына Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр келіп жетті. Пилоттың қателігі немесе техникалық ақау себеп болуы мүмкін деген алдын ала болжамын айтты.

«Бек Эйр» компаниясына тиесілі ұшақ әуеге таңғы сағат жетіден аса көтерілген. Куәгерлердің айтуынша, әуе кемесі көп кешікпей теңселе бастаған. Ақырында, әуежай маңындағы елді-мекенге құлаған. Нақтырақ айтсақ, жаңадан салынып жатқан үйге тұмсығымен тесіп кірген. Құрылысы аяқталмағандықтан, бұл үйде ешкім тұрмаған. Соққының жойқын болғаны соншалық, ұшақ қақ айырылған. Құтқарушылар апат болған жерге дереу жетті. Таң сәріден бұл арада адам қарасы көп болды. Құтқарушылар, дәрігерлер, әкімдік өкілдері мен осы маңайдағы тұрғындар да жұмыла көмектесті. Ұшақ ішіндегі жолаушылар қауіпсіз жерге шығарылып, жедел медициналық жәрдем жасалды. Әу баста, қаза болғандар саны жеті адам делінді. Кейін көз жұмғандар 9 адамға, одан соң 12, соңғы деректер бойынша 15 адамға жеткені  айтылды. Фоккер 100 ұшағының ішінде 95 жолаушы мен 5  экипаж болыпты. Араларында жеткіншектер мен кішкентай сәбилер де бар.  Төтенше жағдай мамандары зардап шеккен жолаушылардың барлығын медициналық мекемелерге жеткізді.  Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алып, көкке көтерілгенде радардан үштүгилі жоғалып кетіп, апатқа ұшыраған ұшақ «Бек Эйр» әуе компаниясына тиесілі. Қайғылы оқиғаның нақты неден болғанын әзірге ешкім дөп басып айтқан емес. Дегенмен, алдын ала болжамдар бар. Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр дәл осы апатқа байланысты, пилоттың қателігі немесе техникалық ақаулық болуы мүмкін деген болжамын жеткізді деп жазуда ақпарат көздері. Оқиға орнында әлі де болса анықтау, тергеу, тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУ МАҢЫЗДЫ
18:47, 27 қыркүйек 2020
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУ МАҢ...
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ САҚТАЛАДЫ
18:44, 27 қыркүйек 2020
ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ САҚТАЛАДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ МАҢҒЫСТАУДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
18:27, 27 қыркүйек 2020
ЕЛБАСЫ МАҢҒЫСТАУДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...