
Қазақстан мен АҚШ Астана қаржы орталығы алаңында 1 млрд доллардың инвестициялық жобаларын іске асыру туралы келісім жасады.
Премьер-Министр Асқар Мамин АҚШ Халықаралық даму қаржы корпорациясының бас атқарушы директоры Адам Болермен ауыл шаруашылығы, туризм, логистика, инфрақұрылым, сондай-ақ қаржы және технологиялар салаларында ынтымақтастықты арттыру туралы келісті.