ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ ЕСЕП БЕРДІ

10:03, 30 маусым 2020

Көпшілікке ыңғайлы болуы үшін мемлекеттік бағдарламалардың ортақ порталын жасап, іске қосудамыз. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті. Бүгін сала басшысы орталық коммуникация қызметінде халық алдындағы есеп беру кездесуін өткізген болатын.

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің пікірінше, «Маңызды бағыт – халыққа ақпаратты қолжетімді ету мәселесі. Бұл ретте, Аида Балаева ақпарат бойынша заң жобасына бір бума өзгерістер дайындалып жатқанын атап өтті. Олардың негізгі көздеген міндеттері: мемлекеттік органдардың осы бағыттағы құзыретін; -азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігі туралы Президентке есеп беру мәселесін; әрбір мемлекеттік органда осы бағытқа жауапты қызметкерді тағайындау мәселесін және басқа да өзекті шараларды заң жүзінде бекіту», - деді министр. Сондай-ақ, Аида Балаева халық үніне құлақ асатын мемлекет пен ақпаратты қолжетімді ету тұжырымдамасының өз тиімділігін көрсетті, дейді.

Аида Балаева, ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет идеясы қазір қоғамның қызу қолдауын тауып шын мәнінде үлкен үміт күтетін конфепция болып отыр. Оның аясында осы уақытқа дейін біраз шаруа атқарылды. Мәселен, министрлік басшылығының азаматтарды тұрақты түрде қабылдауы мен олардың өтініш тілектерін бақылау ісі бір жүйеге көтерілген.

Ақпарат министрінің айтуынша, халықты шешім қабылдау үрдістеріне тарту үшін ведомство әкімдіктің ашық моделін жасады. Қазірдің өзінде мемлекеттік органдарға қарасты көптеген мекемелер осындай модельмен жұмыс жасап отыр. Мәселен, 100-ден аса ұйымдар «Ашық диалог» порталында бірінші басшыларының блогын ашты. Сөйтіп, порталда көптеген ашық мәліметтер жариялана бастады.

Аида Балаева, ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Тағы бір атап өтетін жайт - қазір біз жалпақ елге ыңғайлы болуы үшін Мемлекеттік бағдарламалардың ортақ порталын жасап, іске қосудамыз. Бұл жерде Үкімет пен жергілікті органдар жүзеге асырып жатқан барлық бағдарламалармен түсінікті әрі қолжетімді түрде танысуға болады. Ол да болса ел-жұрттың мемлекет пен қоғамның маңызды мәселелеріне тікелей араласып, түбінде азаматтық қоғамның өркениетті де өскен ортасын қалыптастыруға қосылған үлкен үлес деп білемін.

Сонымен қатар, министр ханым 2020-2022 жылдарға арналған ақпараттандыру саласын дамытуға арналған ұлттық жоспар әзірленгенін тілге тиек етті. Онда, отандық БАҚтың бәсекелестікке қабілетті болуы нақты көрсетілген.

Тақырып бойынша материалдар

БІРІНШІ ТОҚСАНДА ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН ОҚИДЫ
11:06, 15 шілде 2020
БІРІНШІ ТОҚСАНДА ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН ОҚИДЫ
Толығырақ...
13 ШІЛДЕ – ҚАЗАҚСТАНДА ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ
21:02, 13 шілде 2020
13 ШІЛДЕ – ҚАЗАҚСТАНДА ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар