ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ

09:53, 16 қараша 2019

Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы әріптестікке 25 жыл. Осы датаға орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азия даму банкінің президенті Такехико Накаоны қабылдады. Қазақстан үкіметі мен бұл қаржылық ұйымның қарым-қатынасы қарқынды дамып келеді.

Тараптар ынтымақтастықтың болашағын талқылап ғана қоймай, елдегі әлеуметтік жаңалықтар жөнінде де әңгіме өрбітті. Такехико Накао мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауымен таныс екенін жеткізді. Банк президенті стратегиялық құжаттың әлеуметтік бөліміне баса мін беріп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы бағыттағы бастамаларына оң бағасын берді. Өйткені Жолдауда айтылған мақсат-міндеттер Азия даму банкінің басымдықтарымен үндеседі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан республикасының президенті:

Қазақстан Үкіметі мен Азия даму банкі арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесіңіз үшін ризашылық білдіреміз. Банктің ел экономикасының өркендеуіне атсалысуы өте маңызды. Біз мұны жоғары бағалаймыз

Такехико Накао, Азия даму банкінің президенті:

Сіз Жолдауыңызда адамдардың тұрмыс сапасын жақсартуға және мұғалімдердің жалақысын арттыруға зор көңіл бөлдіңіз. Бұл – адам капиталы дамуының маңызды бөлігі. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды әрқашан қолдаймыз.

Тақырып бойынша материалдар

13 ШІЛДЕ – ҚАЗАҚСТАНДА ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ
21:02, 13 шілде 2020
13 ШІЛДЕ – ҚАЗАҚСТАНДА ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ІНДЕТТЕН КӨЗ ЖҰМҒАНДАРДЫҢ ЖАҚЫНДАРЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ
20:54, 13 шілде 2020
ЕЛБАСЫ ІНДЕТТЕН КӨЗ ЖҰМҒАНДАРДЫҢ ЖАҚЫНДАРЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар