ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

41МЛРД.ТЕҢГЕНІҢ 92 ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ

18:31, 9 шілде 2019

Бүгінгі Үкімет отырысында «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 92 жоба мақұлданды. Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбектің мәліметіне сәйкес, қазіргі күні «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 1 трлн теңгеден астам сомада 1,5 мың бизнес-жоба бар.

 Бұл –  елдегі барлық әлеуетті қатысушылардың шамамен 30% құрайды. Оның ішінде 41 млрд теңгені қамтыған 92 жоба мақұлданды. Ал 280 млрд теңгеден астам 166 жоба банкте қаралып жатыр. Айта кетейік, осы бағытта Ақмола, Маңғыстау, Павлодар облыстары мен Алматы қаласы белсенді жұмыстар жүргізсе, керсінше Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы немқұрайлық танытқан.  

Жеңіс Қасымбек, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

Тек соңғы айда мақұлданған жобалар саны екі есеге артты. Негізгі несиеленген жобалар азық-түлік өнімдерін (6,6 млрд теңге), қызметтерді (11,1 млрд теңге), агроөнеркәсіптік кешенін (4,2 млрд теңге) және жеңіл өнеркәсіпті (2,7 млрд теңге). Мақұлданған 92 жобаның 29-ы жаңа өндірістерді құруды, 63-і қолданыстағы өндірісті кеңейтуді көздейді. Аталған жобаларды іске асыру шамамен 2 мың жұмыс орнын құрып, салық түсімін 6,6 теңгеге ұлғайтады.

 

Тақырып бойынша материалдар

10 АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ БАҒАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАНАДЫ
10:34, 21 тамыз 2019
10 АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ БАҒАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАНАДЫ
Толығырақ...
БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
10:16, 21 тамыз 2019
БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...