ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ

17:03, 29 тамыз 2020

31-тамыздан бастап бірнеше нысан қалыпты жұмысына қайта кіріседі. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссия отырысында карантинді жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды.

Келер аптадан бастап, діни нысандар, бассейндер, жаттығу залдары, спорт кешендері, мәдени нысандар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар жұмысқа кіріседі. Қала маңындағы жолаушылар пойызы, электр пойыздары, қалааралық және шағын автобустардың қозғалысына да рұқсат беріледі. Бұлардың әрқайсысына қойылатын арнайы талап бар.

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, COVID-19 жұқтыру 10 есеге, жедел жәрдем шақыру 4,2 есеге, ауруханада жатқандар 80%-ға төмендеген. Ал мобильді бригадалар саны 7,6 есе артқан. Оң нәтижелерді ескере отырып, карантин талаптары жеңілдетілді. Барлық нысандар тиісті дайындық актілерін алған соң  жұмысқа кірісуіне рұқсат. Әкімдіктер, денсаулық сақтау министрлігі, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, санитарлық талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз етуі қажет. Бұл істен қоғам белсенділері де шет қалмайды деді Ералы Тоғжанов

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУ МАҢЫЗДЫ
18:47, 27 қыркүйек 2020
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУ МАҢ...
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ САҚТАЛАДЫ
18:44, 27 қыркүйек 2020
ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ САҚТАЛАДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ МАҢҒЫСТАУДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
18:27, 27 қыркүйек 2020
ЕЛБАСЫ МАҢҒЫСТАУДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар