ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

2023 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

11:07, 5 маусым 2019

2023 жылдың аяғына қарай Қазақстанда ауыз су мәселесі толықтай шешіледі. Үкімет отырысында премьер-министр осылай деп мәлімдеді. Қазіргі таңда ел тұрғындарының 90 пайызы орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған. Алайда 1 млн 200 мың халық тұратын 2600 ден астам ауыл таза тіршілік нәріне қол жеткізе алмай отыр.

Тәуелсіздік жылдары ел билігі тұрғындарды таза ауыз сумен қамтау үшін түрлі бағдарламалар қабылдап, 540 млрд теңге жұмсаған. Алайда қыруар қаржы бөлінгенімен, миллионнан астам адам әлі де ауыз суға зәру болып отыр. Үкімет отырысында шенділер тағы бір жаңашылдықты ұсынды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі саны 200-ден аспайтын елді-мекендерге суды тазартатын кешенді блок-модульдер орнатуды жоспарлап отыр. Бұл қаржыны көп жұмсамай, санитарлық талапқа сай сумен қамтуға мүмкіндік беретін көрінеді.

Роман Скляр ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

Бұл 1333 ауылды сумен қамтуға мүмкіндік береді. Тұрғындары 200 адамнан көп 1274 ауыл орталық су құбырларымен қамтылатын болады. Осылайша 2607 ауылда тұратын 1,2 млн адам санитарлық нормаларға сәйкес келетін сумен жабдықтау қызметімен қамтамасыз етіледі.

Қазіргі таңда Жамбыл, Павлодар және  Қостанай облыстарында ауызсумен қамту деңгейі төмен.  Мамин өңір басшыларына жұмысты ширату қажеттігін айтты. Сондай-ақ ол тиісті министрліктерге өңірлік жоспарларға түзету енгізе отырып бір айдың ішінде арнайы жол картасын әзірлеуді тапсырды.

Асқар Мамин ҚР премьер-министрі:

Елбасының  халықтың тұрмыс сапасын жақсарту тапсырмасын орындау аясында елді мекендерді сумен жабдықтау және оларға су жеткізу бойынша нақты шараларды іске асыру, осы бағыттағы  жұмыстарды күшейту керек. 2023 жылдың аяғына қарай халықты ауызсумен қамтамасыз ету мәселесін 100 пайыз шешуге мүмкіндік жасалады.

Ал қалалардағы ауыз су құбырларының басым бөлігі тозып біткен. Сол себепті  үкімет оны 100 пайыз ауыстыруға ниетті. Ол үшін тағы 822 млрд теңге қажет. Биліктегілер қаржының жартысын тариф есебінен ал қалғанын қазынадан алмақ ниетте.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ ГРАМОТАЛАРЫН ТАПСЫРДЫ
10:16, 11 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ ГРАМОТАЛАРЫН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...