ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

2 АЙДАН СОҢ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ

10:42, 16 сәуір 2019

1-маусымнан бастап білім саласындағы ең төменгі жалақы алатын қызметкерлердің айлығы өседі. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Мұғалімдердің жалақысын көтеру коэффиценті бекітілген. Соған сай, қазір есептеу жұмыстары басталған. Айта кетейік, Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасы аясында, бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын 30% көтеру үшін қазынадан қарастырылған қаржының 75% білім саласына бағытталмақ. Тура 2 айдан соң жұмысы қиын, жалақысы мардымсыз қызметкерлердің айлығы артады. Яғни, ең алдымен білім саласындағы жас мұғалімдер, психологтар, балабақша жетекшілері, тәрбиешілер және олардың көмекшілері. Еден жуушылар, күзетшілер, отжағушылар, электрик, сантехниктердің де еңбекақысы еселенді. Сосын барып, кезек басқарушы санаттағы қызметкерлерге жетпек.

Күләш Шәмшидинова, ҚР білім және ғылым министрі

ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа тарифтік коэффицентті бекітті. Ал, бізде есептеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы орайда айта кететін мәселе, жалпы бюджет саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің айлығын көбейтуге арналған қаржының 75 проценті білім саласына бөлініп отыр. Жалақы 1 маусымнан бастап көтерілетін болады. Негізгі персонал.

Жалақысы жақсы ұстаз сапалы білім беруі тиіс. Осы ретте алдағы 3 жылда 144 мың мұғалімнің біліктілігі арттырылады. Бірақ, ағылшын тілінің курстарынан өтпейді. 2020 жылдан бастап ағылшын тілінің мұғалімдерін ЖОО дайындамақ.  Ал, 2021 жылға дейін елімізде 190 жаңа мектеп салынады. 

Күләш Шәмшидинова, ҚР білім және ғылым министрі

Бұл 190 мектеп ең алдымен үш ауысымда жұмыс істейтін мектептердің проблемасын шешуге бағытталып отыр. Сондай-ақ, апаттық жағдайда орналасқан және оқушылардың орны жетіспейтін мектептердің мәселесін шешетін болады. Сонымен қатар, жер сілкінісіне байланысты біраз мектепте жөндеу жұмыстарын өткіземіз.

Педагог ұғымы біріздендіріледі. Соған сай, барлығының құқықтары теңестіріледі. Сондай-ақ, педагог құқығы қызғыштай қорғалмақ. Яғни, оның жұмысымен жағаласпау, ар-абыройына нұқсан келтірмеу және оларды кәсіби жұмыстан тыс іске араластырмау. Бұл – заңмен бекітіледі. Ал, ережеге бағынбағандар жазаланады. Мұның барлығы алдағы уақыттың еншісінде.

Тақырып бойынша материалдар

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫ: ЕГІС НАУҚАНЫ МЕН МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖАЙЫ ҚАРАЛДЫ
12:00, 27 мамыр 2020
ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫ: ЕГІС НАУҚАНЫ МЕН МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖАЙ...
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ НАТАЛЬЯ ГОДУНОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ
11:53, 27 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ НАТАЛЬЯ ГОДУНОВАН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
10:23, 25 мамыр 2020
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
Толығырақ...