ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ

16:57, 29 қараша 2019

Иракта тұтқынға түскен 14 бала Қазақстанға қайтарылды. Аса құпия түрде жүргізілген «Русафа» операциясы бойынша отанына жеткізілген олар бүгін түнде туыстарымен қауышты. Үлкені 13, ал кішісі небары 1,5 жастағы ұл-қыздардың әкелері жалған жиһад жолында Иракта қаза тауып, аналары террорлық әрекетке қатысқаны үшін Бағдат түрмесінде жазасын өтеп жатыр. Тағдыр тәлкегіне түскен балаларды президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Сыртқы істер министрлігі елге қайтарды.

27 қараша. Нұр-Сұлтан әуежайынан арнайы топ «Русафа» операциясына аттанып бара жатты. Ауыз су, азық-түлік пен кішкентай балалардың керек жарағын тиегін ұшақ Өзбекстан, Түрікменстан, Иран елдерін басып өтіп, Бағдат әуежайына қонды. Аса құпия түрде жүргізілген «Русафа» операциясының мақсаты  - қаракөз балаларды Ирактан отанына қайтару. 14 баланың үлкені 13-те кішісі небары 1,5 жарым жаста. Өкініштісі барлығының әкесі жалған жиһад жолында қаза тапқан. Аналары лаңкестік әрекетке қатысқаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылып, Бағдатта түрмеде жатыр. Сондықтан екі ортада қараусыз қалған балаларды Қазақстанға қайтару аса маңызды. Мұны аналары да жақсы түсінеді. Жүрегі елжіреп, бауыр еті баласын қимаса да, жіберуден басқа амалы жоқ.  Анасынан айырылған балалар да шырылдап қоя берді.Ұзақ уақыт өз-өзіне келе алмай, еңкілдеген оларды алда жаңа өмір күтіп тұр. Сондықтан дипломаттар кішкентайларды  автобусқа отырғызып, ұшаққа қарай беттеді. Өйткені, балалық шақ көрмеген балалар атыс шабыстан әбден үркіп қалған. Тіпті, кейбірін анасы түрмеде жатып босанған. Тілдері де арабша шығыпты. Не болып жатқанын түсінбей, айналаға жалтақтап, жылай беретіні содан. Арасындағы ересектеу Ысмайыл ғана ана тілін ұмытпапты. Оралда туып, 4 жасында әке-шешесімен Иракка аттанған ол, туған жері мен әжесін сағынып жүр..

Ысмайыл:

Барғым келіп тұр Қазақстанға. Әжеге. –Әжең бар ма онда? –Иә.

Сол үшін тағдыр тәлкегіне түскен бүлдіршіндерге жаңа киім беріліп, ойыншықтар үлестірілді. Күріш жеп, қара су ғана ішкендер ұшақ ішінде тәтті тағам жеп мәз болды.  Сөйтіп,төрт жарым сағатта табандары Қазақстанға тиген бойда оларды осындағы ата-әжелері мен өзге де туыстары күтіп алды.

Құдай бере салған балапаным менің.

Өте қуаныштымын. Осымен айналысқан, байланысқан бәріне де көп-көп рахмет айтамын. Менің балаларым. Келуімен. Үй жаным менің.

Қуанышы қойнына сыимай балаларын құшағына басқандар да бұл күнді асыға күтті. Өйткені шам еліне жұмақ іздеп кетіп, ажал құшқан ұл-қыздарының орнын енді осы бүлдіршіндер алмастырмақ. Бірақ, балалар алдымен біраз уақыт оңалту оралығында болуы керек.

Раиса Шер, ҚР білім және ғылым министрінің балалардың құқығын қорғау жқніндегі кеңесшісі:

14 баланың 10-ы мектепке дейінгі, ал қалған 4-еуі мектеп жасында. Олар қазір Нұр-Сұлтан қаласындағы қолдау орталығында. Онда ұл-қыздарға барлық жағдай жасалған. Кейін олар туыстарының қамқорлығына беріледі.

Айта кетерлігі, балаларды қайтару үшін Ирак билігіне тұтқындағы адамдардың қазақстандық екенін дәлелдеу керек болды. Өйткені ешқайсының құжаты жоқ. Сондықтан дипломаттар днк сараптамасын жасатып, әрқайсының туысын тапқан. Сөйтіп операция жарты жылға жуық созылды.   Жалпы, «Русафа», «Жусан» операциясының жалғасы. Осы іс-шара арқылы елімізге Сирия, Ауғанстан елдерінен де жүздеген бүлдіршін қайтарылғаны белгілі. Ендігі міндет оларды қоғамға сіңістіру.

Тақырып бойынша материалдар

ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
19:14, 5 желтоқсан 2019
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ИНВЕСТОРЛАРҒА ЕРЕКШЕ ВИЗА БЕРІЛЕДІ
10:13, 5 желтоқсан 2019
ИНВЕСТОРЛАРҒА ЕРЕКШЕ ВИЗА БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
16:57, 29 қараша 2019
14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
Толығырақ...