ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ҮЙ ОТҚА ОРАНДЫ

11:30, 21 мамыр 2020

Бүгін кешкісін Павлодарда үй өртке оранып, бүтіндей бір отбасы баспанасынан айырылып қалды. Үйдегі адамдар дер кезінде сыртқа шығып үлгерген. Қазіргі уақытта тілсіз жаудын неден шыққаны анықталуда.

Аяулым Рахымжанова, тілші:

Қарағанды 54 мекенжайындағы үйден өрт шықты. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер тілсіз жауды сөндіруде. Іштен адамдардың барлығы шығарылды. Зардап шеккен ешкім жоқ.

Өртке оранған Қарағанды 54 көшесіндегі ағаш үйден бір отбасы айырылып қалды. Оқиға орын алған уақытта өрт құрсауынан адамдардың барлығы дін аман. Абдырап қалған үй иелері ешбір заттары мен құжаттарын алып үлгермеген.

Қайрат Бертібаев, Павлодар қаласы ТЖ басқармасы бастығының орынбасары:

101 пультіне 16:54 уақытында қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына 17:10-да бірінші құтқарушылар жасағы жетті. Алғашында қосалқы көмір қорасының төбесі жанып  жатты. Өртті ауыздықтау барысында бір газ балон шағарылды. Адамдарға ешбір көмек қажет болмады.

Шарпыған жалынды ауыздықтауға 16 құтқарушы, 3 техника жұмылдырылған. Бүгінде өрттің шығу себебі мен шығын көлемі анықталу үстінде.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...