ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ДАБЫЛ ҚАҒУДА

22:32, 3 тамыз 2020

Қоғамдық жағажайлардың жұмысына тыйым салынғанына қарамастан, аймақ тұрғындары облыстың су айдындарында шомылуды доғарар емес. Адамдар, жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылғандықтан, бұл судағы қайғылы жағдайларға әкеп соқтырады.

Ертіс өзенінің Сынтас ауылынан бес шақырым жердегі жағалауында отбасымен бірге демалуға келген әкесі мен ұлы суға батып кетті. Оқиға тамыз айының бірінші жұлдызында орын алған. Осыған орай сала мамандары облыс тұрғындарына қатаң ескерту жасап, санитарлық талаптарды сақтауға кеңес береді.

Асқарбек Омаров, облыстық ТЖД дағдарыстар жағдайындағы басқарманың бастығы:

Ертіс өзенінің Сынтас ауылынан бес шақырым жердегі жағаалауында отбасымен бірге демалуға келген әкесі мен ұлы суға батып кетті. Жергілікті тұрғындар 1998 жылы туған жігіттің денесін судан алып шықты. Оқиға орнына келген «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлер тобы 1973 жылы туған отағасын іздеу жұмыстарын әлі жалғастырып жатыр. Оның денесі бүгінгі күнге дейін табылмады.

Ал, үш күнге созылған демалыс кезінде облыс аумағында 7 өрт және 10 өртену оқиғасы орын алды. Павлодарлық өрт сөндірушілер бес қабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде бес баланы құтқарды. Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі өрт туралы хабарлама өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің бірыңғай пультіне бірінші тамыз күні таңғы сағат бесте келіп түсті.

Ербол Теміров, облыстық ТЖД баспасөз хатшысы:

1–ші тамыз күні таңғы сағат 5-те Мәшһүр Жүсіп көшесі 2-ші үй бойынша өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орынына жеткен өрт сөндірушілер өртті қысқа уақыт ішінде ауыздықтап, оқиға орынына 8 адамды оның ішінде 5 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендердің ішінде осы үйдің бір тұрғыны түтінді шығарамын деп, қолын жарақаттап алған болатын. Оған медициналық көмек көрсетілді.

27 шілде мен 3 тамыз аралығында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріне 55 хабарлама келіп түскен. Осы ретте төтеншеліктер барынша абай болуға шақырады.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар