ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ТАҒЫ БІР АДАМ СУҒА КЕТТІ

19:21, 11 шілде 2020

Павлодар облысында тағы бір адам суға батып кетті. Ақсу қаласындағы жағажайлардың бірінде рұқсат етілмеген аумақта шомылған, 20 жастағы бойжеткен бақилық болды. Демалушылар қауіпті аймақта шомылып, арты қайғылы жағдайға алып келді.

Құтқарушылар «Зеленая роща» демалыс аумағында рұқсат етілмеген аумақта суға түскен 34 жастағы әйелді құтқарылды. Ол Ертіс өзенінің оң жағынан аралға жүзіп өтпек болған. Алайда судың ортасына келгенде әлсіреп, көмек сұраған. Абырой болғанда құтқарушылардың арқасына аман қалды. Ал, Ақсудағы жағажайлардың бірінде рұқсат етілмеген аумақта шомылған 1999 жылғы жас қыз өкінішке қарай суға кетті. Сүңгуірлермен іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Ербол Теміров, ТЖ департаментінің ресми өкілі:

Оқиға орынында болған куәгерлердің айтуынша, оқиға орныда спирттік ішімдіктер ішкен үш адам шомылып жатқан. Қоғамдық құтқарушы мен куәгер олардың екеуін судан шығарып алды. Оқиға орынында суға батып кеткен болатын. Жедел іздестіру жұмыстары жүргізілді. Алайда оның денесі әзірше табылмады.

Сонымен қатар, облысымызда өрт жағдайлары да өршіп тұр. 21 наурыздан бастан өңірімізде 257 саяжай учаскесі отқа оранды. Оның ішінде 111 саяжай үйі жанып кетті. Саяжайдағы өрттің себеп салдарын мамандар отты дұрыс пайдаланбаумен  байланыстырады. Жалпы, облысымызда 19 саяжай учаскілері бар. Биыл «Металлург», «Здоровье», «Мелиоратор» саяжай аумақтарында ең көп өрт оқиғалары тіркелді.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...