ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

СОТ ҮКІМІ ӨЗГЕРДІ

10:28, 19 ақпан 2020

Бұған дейін ақталып шыққан кірістер департаментінің бұрынғы басшысы мен тағы екі лауазымды шенеунігі кінәлі деп танылды. Облыстық соттың аппелациялық инстанциясы мамандандырылған аудан аралық сот судьясының үкімінің күшін жойып, Экс-шенеуніктерді 10-нан 11 жылға дейін бас бостандықтарынан айырды.

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылы жаздың соңында кірістер департаментінің бұрынғы басшысы мен оның қол астындағы екі лауазымды шенеунікке қатысты жемқорлық дерегі бойынша айып тағылып, артынша үшеуі қамауға алынған болатын. Олар салықтан жалтарған әлде бір кәсіпорынның мәселесін шешіп береміз, деп фирмадан 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара талап еткен. Жылдан артық уақытқа созылған тергеу ісі былтыр күзде аяқталып, мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы іс дәлелденбеді, деп үшеуін де ақтап үкім шығарған болатын. Арада үш айдан астам уақыт өткенде облыстық соттың аппелациялық инстанциясы ауданаралық сот судьясының үкімін жойды.

Инна Каркада, облыстық соттың судьясы:

Үкімді жоюға соттық тергеудің біржақтылығы мен жетіспеушілігі негіз болды. Соттың бірінші инстанциясында бірқатар кемшіліктер кеткен. Куәгерлердің деректері дәлелденбеген. Көптеген материалдық айғақтар ескерілмеген, және қаперге алынбаған. Біз оқиғаның хронологиясын қайта қарап шығып осындай шешім шығардық.

Осылайша облыстық соттың апеллияциялық инстанциясы ауданаралық экономикалық сот үкімінің күшін жойып, бұған дейін ақталған Байғұрмановты 11 жылға, Бейсембаевты 10 жылға бас бостандығынан айырды. Ал, үшінші айыпкер Мағзұмов 160 млн теңге айыппұл төлейтін болды. Аппелациялық соттың үкімі сол күні күшіне енді. Сотталған екеуі, жазаларын қауіпсіздігі барынша төмен абақтыда атқаратын болады.

Марат Рымбаев, облыстық соттың судьясы:

Олардың баптары жемқорлық қылмысына жатады. Ал, заңдағы 2017-2018 жылдары енгізілген өзгертулерге сай жемқорлық қылмысымен сотталғандар қауіпсіздігі барынша төмен түзеу мекемесінде жазаларын өтейді. Біз заңнан асып ештеңе істей алмаймыз.           

160 млн теңге айыппұл арқалаған Мағзұмов, үш айдың ішінде ақшаны мемлекетке төлемесе онда оның жазасы абақтыға ауыстырылады. Ал, сотталғандар алдағы уақытта Жоғарғы сотқа шағым бере алады. Айтпақшы, бұған дейін айыптыларды ақтаған ауданаралық соттың судьясы тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ШЕТЕЛГЕ 160 МЫҢДАЙ ДАНА МАСКА АСЫРМАҚ БОЛҒАН
10:38, 13 наурыз 2020
ШЕТЕЛГЕ 160 МЫҢДАЙ ДАНА МАСКА АСЫРМАҚ БОЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...