ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

СОТ ШЕШІМІ

10:28, 18 тамыз 2020

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты – 18 жастағы азаматтың ісін қарастырды. Колледж студенті Гагарин көшесіндегі үйлердің маңында - 9 жастағы баланы себепсіз қоқыс жәшігіне тастап жіберіп, ұсақ бұзақылық жасады.

Құқықбұзушы өзінің кінәсін толық мойындаған. Айтуынша, ол баланы көтеріп, бірнеше метр жүрген соң, қоқыс контейнеріне түсіріпті. Ал кәмелетке толмаған жәбірленуші - қоқыс жәшігіне түсір деп қалжыңдаған айтты. 18 жасар студент бұл әзілді шынайы қабылдап, жақын маңда тұрған контейнерге баланы түсірді.

Серік Марданов, қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы:

Сот отырысында зардап шеккеннің заңды өкілінің айтуынша, бұл әрекет балаға дене жарақатын әкелмеген. Дегенмен, бұл жеке тұлғаларға деген сыйластық танытпай, олардың тыныштығын бұзды. Сот шешімі бойынша, құқықбұзушы кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған санкция шеңберінде 13890 теңге көлемінде айыппұл салынды.  Оның бейнесі осыған дейінгі заңбұзушылықтарда тіркелмеген. Сот шешімі заңды күшіне әлі енген жоқ.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА, Вероника ВИШНЕВСКАЯ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...