ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ШЕКАРАДАН ЗАҢСЫЗ ӨТКЕН

19:04, 26 шілде 2019

Ресей азаматы Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен. Қазіргі таңда Павлодар облысы Успен ауданы полиция қызметкерлерімен 50 жастағы Ресей Федерациясының азаматымен шекарадан заңсыз өту фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның Новосібір қаласында өтелмеген несиелері болғандықтан басқа елге шығуға тыйым салыған екен. Ер адам заңды түрде өтуге мүмкіндік болмағандықтан осындай әрекетке барған.

Жанна Біләлова, облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:

Ол Успен ауданында тұратын туыстарына қонаққа келген. Кейін полиция қызметкерлерін алдау үшін, миграциялық картамды жоғалтып алдым деген. Бірақ, құқық қорғау органының қызметкері қырағылық танытқан. Тексеріс нәтижесінде оның шекарадан өтпегендігі анықталды. Шет ел азаматы бірден қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазір ол уақытша қазақстанда қалуға мәжбүр.

 

Вероника ВИШНЕВСКАЯ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
10:17, 19 ақпан 2020
ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
Толығырақ...