ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ӨРТТЕН 8 ЖАСТАҒЫ БАЛА ҚҰТҚАРЫЛДЫ

11:08, 25 маусым 2020

Павлодарда тұрғын үйден шыққан өрттен 8 жастағы бала құтқарылды. Төтенше оқиға бүгін таңертең сағат 11-ге қарай болған. Қайырбаев көшесі 98-і үйде үшінші қабаттағы пәтер отқа оранды. Тұрғын үйден жиырма шақты адам қауіпсіз жерге шығарылды. Ал, төртінші қабаттағы пәтерде жалғыз қалған баланы өрт сөндірушілер құтқарып алды.

Өрт туралы хабар «101» нөміріне 10 сағат 53 минутта келіп түсті. Қайырбаев көшесі 98 мекенжайда үшінші қабатта 4 бөлмелі пәтер отқа оранған. Оқиға орнына келіп жеткен ТЖД мамандары бұл үйдің 4,5-ші подъездерінен 18 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Оның алтауы балалар. Ал, 4-ші қабаттағы 8 жастағы баланы ата-анасы сыртынан жауып үйде жалғыз қалдырыпты. Диспетчер балаға писхологиялық көмек көрсетіп, онымен байланыста болды. Ал, өрт сөндірушілер арнайы құралдардың көмегімен пәтердің есігін ашып, түтін еніп үлгерген үйден баланы алып шықты.      

Қайрат Бертібаев, қалалық ТЖБ бастығының орынбасары:

Өртті сөндіру үшін 7 бірлік техника жұмылдырылды. Оқиға салдарынан жатын бөлмеде киім-кешек, үй заттары мен жиһаздың жанғаны анықталды. 18 адам құтқарылды, оның ішінде 6 бала бар.

Айта кетейік, өрт 11-ден 29 минут кеткенде толық ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр. 

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар