ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ӨРТ ЖАҒДАЙЛАРЫ КӨБЕЙДІ

12:01, 27 шілде 2020

Қыс мерзіміне қарағанда жаз уақытында да өрт оқиғалары орын алады. Мәселен, Павлодар облысында соңғы алты ай ішінде 89 өрт жағдайы тіркелі. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 2,5 есеге көп. Өрт қаупі бар аумақтарда төтеншелік мамандар қырағылықты күшейте түскен.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мен облыстық төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп бейнеконференция ұйымдастырды. Кеңестің негізгі мақсаты - қазіргі уақытта облыс бойынша орын алып жатқан өрт жағдайларын алдын-алу. Онлайн жиын барысында өрт сөндіру жұмыстары мен орман қорын пайдалану, оны қалпына келтіру жағдайлары бойынша есептер тыңдалды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың жартыжылдығында атқарылған жұмыстарға баға беріліп, алдағы қауіпсіздік шаралары талқыланды. Жалпы, аймақта орман өрттерін болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар әрдайым жүргізіледі.

Ернұр Өтегенов, ТЖ департаментінің бастығы:

Қазіргі уақытта облысымызда 89 орман өрті тіркелді. Соның ішіндегі 53 ормандағы өрт үш аумақта орын алды.Павлодар, Үрлітүб және Максим Горький мемлекеттік орман шаруашылығында тіркелген болатын. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда, өртің саны 2-ден аса көбейіп отыр. Тілсіз жау қамтыған аумақтар көлемі де көбейіп отыр. Сол бағытта жұмыстар жүргізілуі керек.

Мәліметтерге сүйенсек, оқыс оқиғалардың басым көпшілігі - тұрғындардың қауіпсіздік ережелерін сақтамауларынан болады екен. Мәселен, Үрлітүб орман аумағында 1 шілдегі ақпарат бойынша өрттің 12 жағдайы тіркелген. Сонымен қатар, орман алқаптарын қалпына келтіру және ағаштарды заңсыз кесу бойынша бірқатар мәселелер бар. Бұдан бөлек, орман шаруашылықтарында өрт оқиғалары өздігінен орын алған.

Ернұр Өтегенов, ТЖ департаментінің бастығы:

Павлодар мемлекеттік мекемесінде 12 жағдайға жол берілді. 18-і жазық даладан болды. Үрлітүб аумағында 6 жағдай болса, 8-і жазық даладан. Максим Горький орман шарушылығында 5, 29 өрт оқиғалары жазық даладан таралған.  

Өрті - тілсіз жау. Сондықтан, өрт қауіпсіздігі ережелерін әрбір азамат санада ұстау қажет. Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов осылай дейді. Тілсіз жауды алдын-алу мақсатында, төтеншеліктер тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі ережесін түсіндіруге бағытталған шараларды тұрақты түрде жүргізуде.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...