ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

КАРАНТИНДЕ ТОЙ ЖАСАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

11:48, 30 шілде 2020

Кейбір павлодарлықтар үшін дүбірлі той өткізуге карантин мүлдем кедергі келтірмейтін көрінеді. Арнайы мониторингтік топ тексеріс барысында Ақсу қаласындағы мейрамханалардың бірінде «қыз ұзату» рәсімін тоқтатты.

Қазіргі эпидемиологиялық жағдайда мұндай іс-шараларды өткізу келген қонақтар үшін де, кейіннен олармен байланыста болатын адамдар үшін де тікелей қауіпті. Енді мейрамхана иесі де, осы тойдың тапсырыс берушісі де әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Жасқайрат Қайыров, полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:

Карантиндік шектеулер енгізілгелі бері  252 заңбұзушылық анықталды. Көбінесе кафелер, мейрамханалар мен дүкендер. Атап өту керек, қазір бетперде тақпайтын адамдармен де жұмыстар жүргізілуде.  

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...