ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

КАРАНТИНДЕ ТОЙ ЖАСАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

21:18, 28 шілде 2020

Біреуге жан қайғы болған уақытта той тойлағандар да табылды. Павлодар тұрғындары карантинде дүркіретіп қыз ұзату жасаған. Рейдке шыққан арнайы мониторингтік топ той үстінен бірақ түсті.

Той болған жақсы ғой. Бірақ елдегі жағдайға байланысты тоқтата тұрған да жөн болар.  Жедел түсірілімге қарап, кейбір павлодарлықтар үшін дүбірлі той өткізуге карантин мүлдем кедергі келтірмейтін көрінеді. Тексеріспен келген мамандардың сұрақтарына той қонақтары да, мейрамхана қызметкерлері де жауап беруден бас тартты. Мерекелік шараға елуден астам адам шақырылғаны белгілі болды. Той иелері қыз ұзату өткізбек болған.

Олжас Өтепов, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бөлімінің басшысы:

Мониторингтік топ тексеру барысында тойдың үстінен түсті. Той енді енді бсталып жатқан кез болатын. Әкімшілік іс қозғалды.

Карантин режимінің ережелерін ескермеген кафе басшысы мен той ұйымдастырушысына хаттама толтырылды.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...